Орын басу реакциясынқолданып титрлеуді көбінесе анықталатын зат стандартты затпен әрекеттеспесе, не стехиометриялық қатынаста әрекеттеспесе қолданады. Бұл жағдайда анықталатын ионды стандартты ерітіндімен әрекеттесетін химиялық қосылысқа айналдырады. Мысалы, калий дихроматымен анықтағанда калий дихроматы мен натрий тиосульфатының арасында реакция стехиометриялық қатынаста жүрмейді. Сондықтан калий дихроматының ерітіндісіне калий иодиді ерітіндісін құяды, сонда дихроматқа эквивалент мөлшерде йод бөлінеді:
Cr2O72- + 14H+ + 6I- = 2Cr3+ + 3I2 + 7H2O Бөлінген йодты натрий тиосульфатымен титрлеп, тиосульфат мөлшері арқылы дихроматтың мөлшерін есептейді:
3I2 + 6S2O32- = 3S4O62- + 6I-. ТИТРЛЕУ ӘДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕСЕПТЕУЛЕР Барлық есептеулерге қолданылатындай етіп мынандай белгілеулер кіргізейік: анықталатын зат – х; жұмысшы, яғни стандартты ерітінді Ес; анализге түсетін заттың өлшеніп алынған мөлшері – m1,г; пипетканың көлемі Vх,мл; анықталатын зат дайындалған өлшегіш колба көлемі- Vк мл, анализге түсетін заттың құрамындағы анықталатын компоненттің массасы – mх,г; анықталатын затқа кеткен стандартты ерітіндінің көлемі – VЕс,мл.
Егер анықталатын заттың белгісіз мөлшері mх,г;көлеміVк,мл, өлшегіш колбада ерітілген болса, одан Vх мл көлем пипеткамен алынып (аликвот), оған VЕс, мл стандартты ерітінді мөлшері жұмсалса, анықталатын заттың эквивалентінің молярлық концентрациясын (яғни нормальды концентрациясын) мына формула бойынша анықтайды: С(Эх)= С(ЭЕс) VЕс /Vх, моль/л (1) - эквивалент заңы бойынша.
Одан Т(х) = С(Эх)М(Эх)/1000 М(Эх) – анықталатын заттың эквивалентінің молярлық массасы, г/моль. mх= Т(х)Vк не mх= С(Эх)М(Эх)Vк /1000 (2) С(Эс) – стандартты ерітіндінің эквивалентінің молярлы концентрациясы, моль/л, mх- үлгі массасы,г
Анықталатын заттың концентрациясын анықталатын зат бойынша есептелген стандарт ерітіндінің титрі Т(Е/х) арқылы да анықтауға болады: