Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет82/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   271
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Буфер ерітінділер деген не және олардың анализдегі ролі.

  2. Әлсіз электролиттердің рН және рОН есептеу.

  3. Тұздар гидролизі және анализдегі оның ролі.



БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

ДИССОЦИАЦИЯЛАНУ РЕАКЦИАЛАРЫ. ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ Н+, ОН- - ИОНДАРЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫН ЖӘНЕ рН, рОН АНЫҚТАУ

  1. Электролиттік диссоцияциалану процессі деген не? Теңдеуі қалай жазылады? Неге бұл процесс - қайтымды процесс?

  2. Диссоциациялану дәрежесі деген не? Электролиттер диссоциация дәрежесіне байланысты қалай бөлінеді? Мысалдар келтіру керек.

  3. Диссоциациялану процессі негізінде қышқылдарға, негіздерге анықтама беріндер.

  4. Ерітіндіде күшті электролиттер мен әлсіз электролиттер қай күйде болады?

  5. Диссоциациялану дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?

  6. Қандай электролиттер сатыланып диссоциацияға түседі?

  7. Әлсіз электролиттерді диссоциация дәрежесінен басқа тағы қандай шамамен сипаттайды?

  8. Диссоциация дәрежесі мен диссоциация константасы арасындағы байланысты көрсетіндер.

  9. рН және рОН деген не? Су үшін рН пен рОН нешеге тең? Қышқыл, нейтрал (бейтарап), негіздік орта деген не? рН- тары нешеге тең болады?

  10. Күшті электролиттер деген не? Ерітінділерде олар қандай күйде болады?

  11. Активті коэффициент деген не? Неге күшті электролиттер үшін Кдисс болмайды?

  12. Ерітінділердің иондық күші деген не? Ерітіндінің иондық күші мен активті коэффициент арасында қандай байланыс бар?

Мына есептерді шығару керек

  1. Егер 3,6г сірке қышқылы 1л ерітіндіде болса, оның сутегі ионының концентрациясы нешеге тең болады? Кд=1,8∙10-5.

  2. Көмір қышқылының 1- саты бойынша жүрген диссоциациясы арқылы диссоциациялану дәрежесін табу керек. Көмір қышқылының концентрациясы 0,01М болса, Кдисс. = 4,5∙10-7. Жауабы: α=0,67

  3. 0,1М аммоний гидроксиді ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі мен гидроксид-ионының концентрациясын анықтау керек. Жауабы: α=1,33;

[ОН-] = 1,33 ∙10-3 моль/л, Кд=1,75∙10-5

  1. Егер сірке қышқылының 1,5г 50мл ерітіндіде болса, сутегі ионының концентрациясы мен ерітіндінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: [Н+] =3,5∙10-3 моль/л; рН=2,5

  2. Егер 0,5М аммоний гидроксидінің 10мл-ін 50мл-ге дейін сұйылтса, ерітіндідінің рН-ы нешеге тең болады? Жауабы: рН=11,13.

  3. Егер 0,1н құмырсқа қышқылының диссоциациялану дәрежесінің мәні 80% болса, оның рН нешеге тең болады? Жауабы: рН = 1,1

  4. Егер 0,1М сірке қышқылының ерітіндісіне 0,05моль натрий ацетатын қосса, ерітіндінің рН неше есе азаяды?

  5. 0,001М тұз қышқылының рН нешеге тең?

  6. 0,01М күкірт қышқылының α=92% болса, рН нешеге тең?

  7. 0,02н натрий гидроксидінің 5мл-ін сумен 100мл-ге дейін сұйылтса, алынған ерітіндінің рН-ы нешеге тең (α=100%). Жауабы: рН=11

  8. 0,75М азот қышқылының рН-ын активті коэффициентін еске алып, анықтау керек. Жауабы: рН=0,832




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет