Көлемді өлшеген кезде мына жағдайды білу керек: өлшейтін көлем аз болған сайын, салыстырмалы қате соғұрлым көп болады. Сондықтан аз көлемді үлкен ыдыспен алмау керек
Көлемді өлшеген кезде мына жағдайды білу керек: өлшейтін көлем аз болған сайын, салыстырмалы қате соғұрлым көп болады. Сондықтан аз көлемді үлкен ыдыспен алмау керек. 0,1н тұз қышқылы мен калий гидроксиді ерітінділерін дайындау: 200мл (250мл) 0,1н ерітінділер дайындау үшін керек НСl мен КОН массаларын анықтау керек (ρ = 1,19г/мл).
Есептеген КОН массасын алдымен техникалық таразыда, сосын аналитикалық таразыда өлшеп алындар.
Титрантқа байланысты қышқыл-негіздік титрлеу қалай жіктеледі? Қандай титранттар бар? Титрлеу қисығы деген не? Ол не үшін керек? Титрлеу шегі деген не?
Тұз қышқылының ерітіндісін натрий гидроксиді және натрий тетрабораты арқылы стандарттауға болады. Осы екі реактивтің қайсысы жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді? Неге?
а) эквиваленттік нүктеге, б) титрлеу шегіне (секірме) және оның шамасына әсер етеді?
1) әлсіз қышқылды күшті негізбен; 2) әлсіз негізді күшті қышқылмен; 3) полипротонды қышқылды күшті негізбен титрлегенде алынатын титрлеу қисықтарын жүргізу үшін қандай формулалар қолданылады?
Қышқыл – негіздік индикаторлар қандай параметрлермен сипатталады? Титрлеу үшін индикаторларды қалай таңдайды?
Қышқыл- негіздік титрлеу кезінде қандай қателер болады? Егер: а) әлсіз қышқылды рТинд<рНэ.н.; рТинд>рНэ.н. титрлегенде; б) әлсіз негізді рТинд < рНэ.н.; рТинд>рНэ.н. титрлгенеде қандай қателер болады?
Кері титрлеу әдісі деген не? Ол қайдай жағдайларда қолданылады?
Мына ерітінділердің а) 2,0∙10-4моль/л Н+; б) 0,008моль/л ОН- болса, ерітіндінің рН-ын анықтаңдар.
Егер рН мына мәндерге тең болса: а) 2,50; б) 12,00, онда ерітіндідегі Н+ және ОН- иондарының концентрациялары неше тең?
Не себепті HCl және NaOH дәл концентрациялы ерітінділерін даярлау мүмкін емес? HCl, NaOH ерітінділерінің концентрациясын анықтау үшін қандай стандартты ерітінділер және индикаторлар пайдаланылады?
Стандартты ерітінділердің Т және Сн қалай есептеледі? Не себепті бюретканы, пипетканы ерітінділермен шаяды?
Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін қандай дәлдікпен өлшейді? Өлшемдердің айырымы неше мл болуы мүмкін?
«Күәгермен» тирлеу дегеніміз не? Оны қалай даярлайды?
Ерітіндінің рН: 2,0; 4,0; 7,0; 11,0 тең болғанда метилоранждың түсі қандай болады? Ерітіндінің рН: 4,0; 7,0; 9,0; 12,0 тең болғанда фенолфталеиннің түсі қандай болады?
Қандай формулалармен титранттың және стандартты ерітіндінің Т және Сн есептеуге болады?
100 мл 0,1н Na2CO3 даярлау үшін неше грамм Na2CO3 алу қажет?
Қымыздық қышқылының 1,5826г-ы көлемі 250мл өлшеуіш колбасында ерітілген. Осы ерітіндінің Т және Сн (Н2С2О4) нешеге тең ?
Қандай дәлдікпен Т және Сн есептеу қажет? Мысал келтіру қажет.
Бура, сода және Н2С2О4 ерітінділерін тирлеуде қандай индикаторлар пайдаланған жөн?
NaОН ерітіндісін HCl ерітіндісімен титрлегенде қандай индикаторлар пайдаланған жөн? Қайсысы ыңғайлы? Керісінше тирлегенде қандай индикаторлар қолданылады?
5 л 0,1н азот қышқылын дайындау үшін тығыздығы 1,4г/см3 болатын ерітіндісінен неше миллилитр алуға болады?
0,09н күкірт қышқылы ерітіндісінің титрін мына заттарға а) Ва(ОН)2, б) NH3, в) N қатысты анықтаңдар: Жауабы: а) 0,007712 г/мл; б) 0,001533г/мл; в) 0,001261 г/мл.
20мл 0,03н FeSO4 ерітіндісін титрлеу үшін 0,02н KMnO4 ерітіндісінің қанша көлемі (мл) керек ?
Сүттің, айранның, т.б. сүт тағамдарының қышқылдығы неге байланысты?
Егер сүттің қышқылдығы 17,50Т болса, сүт қышқылының массалық үлесі нешеге тең?
10,0мл сүтті титрлеуге концентрациясы 0,1022моль/л тең NaOH ерітіндісінің 12мл кетсе, оның Тернер градусымен өлшенген қышқылдығы нешеге тең?
Индикаторлардың ион-хромофорлы, ионды теориялары.
HCl, H3BO3 титрлеу үшін қандай индикатор пайдаланған жөн? H3BO3 титрлеудегі глицериннің ролі? NaOH пен әрекеттесу реакциясында H3BO3 және HCl эквиваленттік факторы және эквиваленті нешеге тең?