Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дәріс 23. КОМПЛЕКСОНОМЕТРИЯ. КОМПЛЕКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ



бет98/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Дәріс 23. КОМПЛЕКСОНОМЕТРИЯ. КОМПЛЕКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

Комплексонометриялық титрлеу тәсілі анықталатын қосылыстың титрантпен комплекс түзу реакциясына негізделген, реакция жоғары жылдамдықпен, стехиометриялық және санды жүруі тиісті. Көптеген металл иондары әр түрі комплекс түзуші реагенттермен (лигандалармен) аз диссоциацияланатын комплекстер түзеді. Комплексонометриялық титрлеу арқылы металдар иондарын анықтайды, сонымен бірге анализ кезінде анықтауға кедергі келтіретін компоненттерді комплекс қосылыстарға айналдырып, ортадан шығарады. Көбірек таралғаны меркуриметриялық және комплексонометриялық титрлеу. Меркуриметриялық титрлеуде титрант ретінде Нg(NO3)2 ерітіндісі алынады, ол галогенид-иондарымен [HgHaI4]2- берік комплекс ионын түзеді. Стандартты заттар ретінде КСI, NaCI ерітінділері алынады, ал индикатор дифенилкарбазон, ол титранттың артық мөлшерімен көк түсті комплекс [HgDфк] түзіледі.


1944 ж. Шварценбах комплекс түзуші реагент ретінде аминокарбон қышқылдарының туындыларын пайдалануды ұсынған. Оларды комплексондар деп атайды. Комплексондарды титрант ретінде пайдалану анықталатын қосылыстардың санын көбейтті және іс жүзінде кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл пайдаланылатын титранттарға байланысты комплексонометрия деп аталады. Комплексонометрия тәсілінде ең жиі пайдаланылатын титрант комплексон III, немесе трилон Б, немесе ЭДТА-этилендиаминтетра сірке қышқылының екі натрийлі тұзы. Ол көптеген металл-иондарымен тұрақтылығы жоғары комплекстер түзеді. ЭДТА молекуласында азот атомдары және карбоксил топтарындағы оттегі атомы донор болады, сонда екі не одан көп донор болатын топтары бар органикалық реагенттерді хелат түзуші реагент деп, ал комплекс қосылыс-хелат деп аталады. ЭДТА молекуласында алты донорлық атомдар бар, молекуласын Н4Y деп белгілейді, яғни төрт негізді қышқыл. Комплекстердің тұрақтылығы ерітіндінің рН-ына тәуелді, соңдықтан титрлеуде бұл факторды еске алған жөн. Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін металлохромды индикаторлар қолданылады, олар анықталатын металл-иондарымен комплексонға қарағанда тұрақтылығы төмен комплекстер түзеді, сонымен қатар комплекстердің түсі индикатордың өз түсіне қарағанда өзгеше болуы тиісті.
Комплексонометриялық тәсіл өте сезімтал, дәл және тез орындалады, іріктеу қасиеті де жоғары, сондықтан химиялық анализде кеңінен пайдаланылады. Оны құймаларды, кендерді, тағам өнімдерін зерттеуге қолданады. Оның бір ерекше қасиеті - ерітіндінің рН-ын өзгерте отырып, бір ерітіндіден бірнеше катионды анықтауға мүмкіндік беретіндігі. Осы қасиеті Са2+ мен Мg2+ иондарын олардың қоспасынан комплексонометриялық тәсілмен анықтауға мүмкіндік береді.
Стандарт ерітінді ретінде МgSO4 . 7H2O, мырыш тұздары алынады. Металл-иондарының ЭДТА-мен комплекс түзілуінің реакциясының терең жүруі тепе-теңдік константасы мәнімен анықталатындығы белгілі, ол Кт ≥ 108 болуы керек. ЭДТА-мен Са2+-иондарының реакцияға түсу теңдеуі:
Са2+ + Н4Y ↔ СаY2- + 4Н+, сонда тұрақтылық константасы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет