Дәріс 24. ТҰНДЫРУ ТӘСІЛІМЕН ТИТРЛЕУ. АРГЕНТОМЕТРИЯ. РОДАНОМЕТРИЯ Титрант пен анықталатын компонент арасындағы ион-алмасу реакциялары нәтижесінде нашар еритін қосылыстар түзілу процестеріне негізделген тәсілдер тұндырудың титриметриялық әдістері деп аталады. Анықталатын заттың титрантпен байланысуының тереңдігі ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мәніне байланысты және тепе-теңдік константасы К≥108 болу керек. Егер анықталатын заттың концентрациясы 1 моль/л болса және ол 99,99% титрантпен байланысса, онда тек 1.10-4 моль/л зат қалады, яғни 0,01%.
Титриметриялық тәсілде титрант (тұнбаға түсіруші реагент) дәл, яғни эквивалентті мөлшерде қосылады (ал гравиметриялық тәсілде – тұнбаға түсіруші реагент артық мөлшерде қосылады). Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін индикатор пайдаланылады. Индикатордың табиғаты және әсер ету механизмі әр түрлі болуы мүмкін, оларды титрлеу қисықтарына негізделіп таңдайды.
Титрлеу қисығы рА (рВ)- титрант көлемі (V) координатасында салынады.
Егер тұндырудың титриметриялық әдісінде реакция мына теңдеумен жүрсе:
А+В→АВ↓ және А затының концентрациясын СА деп, титрант В затының концентрациясы СВдеп белгіленсе, рА мәнін титрлеу кезінде мына формуламен есептейді:
Титриметрияда пайдаланылатын реакциялар жоғары жылдамдықпен және толық жүруі, титрлеу жағдайында ерімеуі тиіс. Титрлеу нәтижесіне адсорбция және ілесе тұнбаға түсу процестерінің әсер етпеуі қажет. Тұнбаға толық түсу процесі қосылыстың ерігіштігіне тәуелді, сондықтан титриметрияда пайдаланылатын қосылыстардың ерігіштігі 10-4 – 10-5 моль/л төмен болмауы қажет. Бірақ бұл қойылатын шартқа байланысты тұндыру тәсілімен титрлеуде пайдаланылатын реакциялардың саны азаяды.