Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет10/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Газдың парциалды қысымы

Газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесін парциалды қысым деп атайды. Газдар қоспасының жалпы қысымы жеке газдардың парциалды қысымдарының қосындысына тең: ржалпы = р1+ р2 + р3 +... . Газдың парциалды қысымы оның қоспадағы көлемдік не молдік үлесіне тура пропорционал. Егер газ су үстінде жиналатын болса, ол су буымен қанығады , онда жалпы қысым сол газдың парциал қысымы мен су буы қысымы қосындысына тең болады: ржалпы = р(г) + р (Н2О),


одан р(г) = ржалпы - рН2О .
Мысал 1. Егер бөлме температурасында және 1105 Па қысымда ауа құрамында 14,5-26,8% аммиактың көлемдік үлесі болса, онда мұндай қоспа жарылғыш болады. Осы қоспада аммиактың парциалды қысымы қай шекте (аралықта) өзгереді? Шешуі: Қоспадағы газдардың парциалды қысымы олардың көлемдік үлесіне тура пропорционал болғандықтан , төменгі р(NH3) =11050.145 = 14500 Па = 14,5 кПа,
жоғарғы р( NH3) = 1×105 0.268 = 26800Па = 26,8 кПа.
1.0С температурада 5л метан, 10л сутегі, 25л оттегі араластырылған. Газ қоспасындағы әр газдың концентрациясын әртүрлі бірлікте көрсету керек. Газдар қоспасының жалпы қысымы 101,3кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады? Жауабы көлем бойынша процент,%: 12,5СН4, 25Н2, 62,5О2; г/л: 0,0895СН4, 0,0225Н2, 0,893О2; моль/л: 0,00558СН4, 0,01116Н2, 0,0279О2 .
2.Егер ауада 21% оттегі және 78% азот көлем бойынша болса, ауа қысымы 101,3 кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады?
Жауабы 21,2 кПа оттегі, 78,8кПа азот.
3.Газдар қоспасының көлемдік үлесі а) метан 30% және сутегі 70%;
б) метан 80% және көміртегі(ІІ) оксиді 20% болса және 1-ші қоспа 1,07105Па, 2-ші қоспа 0,50МПа қысым астында болса, газдардың парциалды қысымдарын анықтау керек.
Жауабы а)0,32105Па; 0,749105Па. б) 4,0105 ; 1,0105Па.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет