Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(1,2)



бет11/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар(1,2):
1.Заттың эквиваленті, эквивалент массасы деген не?
2.Күрделі заттардың (қышқылдардың, негіздердің, тұздардың) эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?
3.Тотықтырғыштардың, тотықсыздандырғыштардың эквиваленті, эквивалент массасы қалай анықталады?
4.Газдардың негізгі заңдарының анықтамасы
5.Парциалды қысым деген не?


Модуль 2. Атом құрылысы
2.1 Атом құрылысы. Сутегі атомының Бор бойынша құрылысы. Квант сандары.
2.2 Паули принципі, Хунд, Клечковский ережелері.
2.3 Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі. ЭТ, ИЭ, атомдар, иондар радиустары.
Дәрістер №4-5 Атом құрылысы және Атомдардың электрондық структурасы. Элементтер қасиеттерінің атомдар құрылысына байланыстылығы. Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар
Атомнының ядролық моделін 1911 жылы Э.Резерфорд ұсынды, бірақ ол классикалық физика заңдарымен түсіндірілмеді, себебі орбитамен айналған электрон энергиясын электромагниттік сәулеге айналдырып жоғалтып, ядрода жұтылуы тиіс еді. Бұл моделдің кемістігін жоғалту үшін Н.Бор 1913 жылы атомды сипаттау үшін М.Планктің 1900жылы айтқан сәуленің кванттық теориясын және атомдағы электронның дискреттік (секіріспен өзгеретін) энергетикалық күйі туралы ұғымды пайдаланады. Сутегі атомына айтылған Бор теориясы үш постулатамен көрсетілді: электрон ядроны тек стационар (белгілі радиустағы) орбитамен айналады, сонда электронның энергиясы тұрақты болып қалады. Квант энергияны h ( - тербеліс жиілігі, һ – Планк тұрақтысы 6,6210-34 Джс) электрон жұтқанда ол ядродан алыстау орбитаға өтеді, сол квант энергия электрон кері секіргенде қайтадан бөлінеді. Бас квант саны 1,2,3,..., орбита номерін не электрон болатын энергетикалық деңгейді көрсетеді. Н.Бор стационар орбитаның радиусын және сол орбитадағы электрон қозғалысының жылдамдығын есептеді:

rn = h2n2 / 42me2 және  = 2e2 / hn , содан r1 = 0.053нм, 1 = 2187км/с .
Сонда Бор теориясы атом моделінің оның спектрлерімен сәйкестігін олардың шығу тегі мен структурасын түсіндірді.Әр спектралды сызық үшін тербеліс жиілігі мына теңдеуден есептеледі. h = E = E а – Е ж, мұндағы Еа және Еж ядродан алысырақ және жақынырақ орбиталдардағы электрон энергиясы. Электронның толық энергиясы оның кинетикалық және потенциалдық энергиялар қосындысына тең .
h = 22me4 / h2 ( 1/ n2ж – 1/ n2 a) = K ( 1/ n2ж – 1/n2а),  = K/h( 1/ n2ж – 1/n2a),
K/h – Ридберг константасы R, 3.281015 c-1 ( Гц ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет