V – pH және V – E
V – ΔpH/ΔV және V- ΔE/ΔV
13.Әр қисық бойынша эквивалент нүктесін анықтаңыз. Әдеттегі титрлеу қисығында (бірінші кесте бойынша) екі сыну пайда болады, ал дифференциалды қисықта (екінші кесте бойынша) екі максимум болады.
14.Анализ нәтижелерін есептеу екі эквивалент нүктесі бойынша жеке жүргізіледі, фосфор қышқылының С1 және С2 мәнін келесі формулалар бойынша есептейді:
V1, сілтіСсілті = V1,қышқылСқышқыл
С2 = (V2-V1)сілті Ссілті/Vқышқыл
мұндағы,
V1, сілті- бірінші максимумға сәйкес келетін натрий гидроксидінің көлемі, см3;
V2, сілті- екінші максимумға сәйкес келетін натрий гидроксидінің көлемі, см3;
С1,қышқыл; С2,қышқыл - зерттелетін ерітінді концентрациясы, мольдм-3;
Ссілті - натрий гидроксидінің концентрациясы, мольдм-3.
Сқышқыл орташа = (C1+C2)/2
Қорытынды. Зерттелетін ерітіндінің концентрациясын белгілейді.
БУФЕРЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҚТЫ ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
Кез келген буферлік қоспа буферлік сыйымдылықпен сипатталады. Буферлік сыйымдылық деп – 1л буфердің рН-ын 1 бірлікке өзгертуге қажетті күшті қышқылдың немесе сілтінің эквивалент санын атайды. Тәжірибе жүзінде буферлік сыйымдылықты анықтау үшін ерітіндінің рН-ының қосылған қышқыл немесе сілті көлеміне тәуелділігі арасында графикті тұрғызады.
рН
∆рН
V,мл
∆V
Ордината осіне рН, абсцисса осіне қосылатын қышқыл немесе сілті көлемі қойылады. Ордината осінде рН = 1 интервал белгілеп, соған сәйкес көлем өзгерісін табады. Күшті электролиттің эквиваленттінің моль саны:
Достарыңызбен бөлісу: |