Реагенттер мен аппаратуралар:
стандартты кобальт (ІІ) тұзының ерітіндісі ТCо2+ = 0,1мг/мл.
тұз қышқылы (1:1).
азот қышқылы (1:1).
нитрозо-R тұзы 0,1н.
натрий ацетаты, 40 % - ерітінді.
Фотоэлектроколориметр КЭФ-2.
Жарық фильтірін таңдау: Стандартты ерітінділер ішінен түсі ең қою ерітіндіні алып, жарық фильтірін ауыстырып отырып, фотометриялайды. Зерттелетін ерітіндінің ең жоғары жарық жұтуы болған жарық фильтірін (550нм спектр облысы) таңдайды.
Көлемі 50мл өлшегіш колбаларға кобальт (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісін 1; 2; 3; 4; 5мл мөлшерде құйып, алтыншы колбаға анализденетін ерітінді алып, әрбір колбаға 0,5мл тұз қышқылын, 2-3 тамшы азот қышқылын, 3мл нитрозо-R тұзын, 3мл натрий ацетатын қосып, қайнағанға дейін қыздырып, 1 минуттай қайнатады, ерітінділерді суытып, тағы да 2мл азот қышқылын қосады да, жақсылап араластырып тағы 1 минут қайнатады. Ерітінділер суыған соң, колбалар белгілеріне дейін дистильденген су құйып, ерітінділерді жақсылып шайқайды. Қызыл түсті ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын 550нм спектр облысында өлшейді. Кювета қылындығы 1,0см. Салыстырмалы ерітінді - су. Кюветаға ерітінділерді концентрациясы ең төменінен бастап құю керек. Ерітіндіні құймай тұрып, кюветаны дистильденген сумен және ерітіндінің өзімен шайқап жіберу керек. Градуирлік графикті оптикалық тығыздық пен стандартты ерітінділердің концентрациялары арасындағы байланыстар (А – С) координатасында сызып, одан анықталатын зат концентрациясын табады.
МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ АНЫҚТАУ
Әдіс мыс(ІІ) қышқыл сулы ерітіндіде көгілдір түсті аквакомплекс [Cu(H2O)6]2+ түзуіне немесе аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзуіне негізделген. рН 7 болса, мыс (ІІ) гидроксидінінің Cu(ОН)2 тұнбасы түзіледі. Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |