Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Стандартты ерітінділерді дайындау



бет166/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Стандартты ерітінділерді дайындау.
50мл-де 1, 2, 3, 4, 5 мкг темір болатын бес стандартты ерітінділер дайындалады. Ол үшін көлемі 50мл өлшегіш колбаларға темір (III) тұзының жұмысшы ерітіндісінен 1, 2, 3, 4, 5 мл көлемдерін алады да, 0,01М 30 мл сульфосалицил қышқылы ерітіндісі және 5мл ацетаттық буферлік ерітінді қосылады. Әрбір ерітіндінің көлемі дистильденген сумен 50мл-ге дейін жеткізіледі. 10 минуттан кейін өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Салыстырмалы ерітіндінің құрамы анықталатын элементтен басқа барлық компоненттерден тұрады.
Жұмысты орындау:
Жарық фильтрлерін таңдау. Түсі неғұрлым қанық ерітіндіні алып, оның оптикалық тығыздығын барлық жарық фильтрлерінде өлшейді, өлшеу нәтижелері кестеге жазылады. Кейінгі жұмыстар үшін зерттелетін ерітіндінің жарықты сіңіруі ең жоғары болған жарық фильтрі алынады.
Градуирлік график тұрғызу. Таңдалған жарық фильтрінде салыстыруға алынған ерітіндіге қатысты барлық ерітінділерді фотометриялайды. Әр өлшемдер үш рет жүргізіліп, орташа мәні бойынша оптикалық тығыздық - Fe (III) ионының мөлшері координатасында градуирлік график тұрғызылады.
Ерітіндідегі Fe (III) ионының мөлшерін анықтау. Құрамында Fe (III) тұзы бар анализденетін ерітіндіге 0,01М 30мл сульфосалицил қышқылының ерітіндісін, 5мл ацетатты буферлі ерітінді қосып, көлемін дистильденген сумен 50мл-ге дейін жеткізіледі. Дайындалған ерітінді 10 минуттан кейін таңдалған жарық фильтрінде салыстырмалы ерітіндіге қатысты фотометрияланады Өлшеуді 3 рет жүргізіп, сіңірудің орташа мәні бойынша градуирлік графиктен анализденетін ерітіндідегі Fe(III) ионының мөлшерін анықтайды.


КОБАЛЬТ ПЕН НИКЕЛЬДІ БІР ЕРІТІНДІДЕН 8-ОКСИХИНОЛИН КӨМЕГІМЕН ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
Кобальт пен никельді бір ерітіндіден 8-оксихинолин көмегімен анықтау жарықты тек кобальт 8-оксихинолинаты сіңіретін спектр аймағын қолдануға негізделген.
Кобальттың 8-оксихинолинатты комплексі 1н HCl-ацетон қопасының қатысында сәулені толқын ұзындығы 365-700нм аймағында максимальды сіңіреді, ал никельдің 8-оксихинолинатты комплексі тек 365нм аймағында шың түзеді.
Осыған байланысты Со пен Ni –ді 8-оксихинолин көмегімен бірге анықтауға болады.
Кобальт пен никельді анықтағанда оларға ұқсас комплексті қосылыстар түзетін көптеген элементтер, мысалы: Fe(III), Cr(III) және т.б. кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет