Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет203/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

2-тәжірибе. Йодоформ алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5-6 тамшы этил спирті мен 1мл су құйып, оның үстіне йодтың бірнеше кристалдарын ұнтақтап салады. Қоспадағы йод ерігенше натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, пробирканы 60 - 700С дейін баяу қыздырады. Пробиркадағы қоспаны суытқанда сары түсті, өзіне тән иісі бар йодоформның кристалдары тұмбаға түседі. Ерітіндіні сүзгі қағазбен сүзіп, алынған кристалдарды кептіреді. Йодоформның түзілу реакциясының теңдеуі:

2 + 8NaOH  4NaI + 4NaOI + 4H2O


CH3 – CH2 – OH + NaOI  CH3CHO + NaI + H2O
CH3CHO + 3NaOI  CI3CHO + 3NaOH
CI3CHO + H2O  CHI3 + HCOOH
HCOOH + NaOH  H2O + HCOONa

Теңдеулерді жинақтап жазсақ:


CH3CH3OH + 4I2 + 6NaOH  CHI3 + HCOONa + 5NaI + 5H2O




3-тәжірибе. Бромды этилен алу
Жұмыс барысы: Тәжірибені тартпа шкафта жүргізу қажет. Пробиркаға этил спиртімен күкірт қышқылының қоспасынан 2-3мл құйып, ерітінді бірқалыпты қызу үшін үстіне бірнеше пемза үгінділерін салып, штативке орнатады. Пробирканың аузын газ өткізетін түтігі бар тығынмен жауып, оның екінші үшін суық суы бар стаканға батырылған, ішіне бром суы құйылған пробиркаға салады. Қоспасы бар пробирканы баяу қыздырады. Сол кезде бөлінген этилен броммен әрекеттесіп, оны түссіздендіреді. Пробиркада ауыр май тәріздес қызыл сұйық зат- бромды этилен түзіледі:
Н2С = СН2 + Вr2  Н2СВrСН2Вr
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Хлорлы этил жалынның түсін өзгерте ме?
2. 1- хлор-2- метилпропаннан 2- хлор-2- метилпропанды қалай алуға болады?
3. Келесі қосылыстардың құрылымдылық формуласын жазыңыздар:
а. 2-хлор-3- метилпентан
ә. 3-хлор-2,2- диметилгексан
б. 3-хлорбутен-1
4. Сәйкес этилен көмірсутегіден 2-йод-2- метилпентанды алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.
5. Келесі формулаға (С4Н9Сl) сәйкес келетін барлық изомерлік галоген көмірсутектердің құрылымдық формулаларын құрастырыңдар.
6. Келесі реакцияларды жүзеге асыру үшін қандай реагенттер қажет және қандай шарттар орындалуы тиіс?
а. С2Н5ОН  С2Н5Сl
ә. С3Н7Вr  С3Н7I
б. (СН3)2СНОН  (СН3)2СНВr




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет