Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Аминдер. Амин қышқылдары. Ақуыздар тақырыптарына



бет237/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Аминдер. Амин қышқылдары. Ақуыздар тақырыптарына
есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура
1.1. Ауа бойынша тығыздығы 1,55 болатын, 53,3% көміртегіден, 15,6% сутегіден, 31,1% азоттан тұратын қаныққан аминнің структуралық формуласын жазу керек.
1.2. Қаныққан аминнің 2,36г массасын жаққанда 5,28г көмірқышқыл газы мен 0,448л азот (қ.ж.) түзілген. Аминнің сутегі бойынша (буының) тығыздығы 29,5 болса, оның структуралық формуласын жазу керек.
1.3. Егер екіншілік аминнің хлорсутекті тұзының құрамында 43,55% хлор болса, оның молярлық массасы қанша?
1.4. Құрамы С4Н11N болатын аминнің изомерлерінің структуралық формуласын жазып, аттарын атау керек.
1.5. Құрамы С4Н9О2N амин қышқылдарының (5 изомерлер) структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
1.6. Глутамин қышқылы мен лизиннің структуралық формуласын жазып, олардың айырмашылығын көрсету керек.
1.7. Мына амин қышқылдарының формуласын жазу керек: β-аминмай қышқылы; α-аминизокапрон қышқылы; γ-аминвалериан қышқылы; аминсірке қышқылы; δ-амин-α-метил-валериан қышқылы; α-аминпропион қышқылы.
1.8. Бір негізді диаминқышқылдарының структуралық формулаларын жазу керек: α-δ-диаминвалериан қышқылы және α-ε –диаминкапрон қышқылы.
1.9. Мына амин қышқылдарын атау керек: а) NH2-CH2-COOH;
б) СН2-( NH2)СН-СООН; в) NH2-СН2-СН2-СООН; г) NH2-(СН2)3-СООН;
д) СН3-СН(СН3)-СН(NH2)-СН2-СООН; е) (NH2)СН2- (СН2)3-СН(NH2)-СООН. Бұл амин қышқылдарының тарихи атауларын келтіру керек.
1.10. Май қатарының біріншілік аминдерінің жалпы формуласы СnH2n+1NH2
екенін біле отырып, 3 және 4 көміртегі атомдары бар аминдер формуласын құрып, аттарын атау керек.
1.11. Мына аминдерді негіздік қасиеттерінің азаюы бойынша орналастыру керек: а) СН3NH2; б) С6Н5NH2; в) (СН3)3N; г) (С6Н5)2NH; д)СН3-(СН2)2-NH2; е) СН3- NH- С2Н5. Неге май қатарының аминдеріне қарағанда ароматты аминдердің негіздік қасиеттері әлсіздеу, түсіндіру керек.
1.12.Тұз қышқылды анилиннің (хлорлы фенил аммоний) және күкірт қышқылды анилиннің формулаларын жазу керек.
1.13. Мына формулаларға сәйкес органикалық қосылыстарды кластарға бөліп, аттарын атау керек:
а) СН3СН2СООН; б) СН3-СН2-СОNH2; в) СН3-СН(NH2)-СООН
г) СН3-СН(NH2)-СН3; д) NH2-СО- NH2 е) NH2-(СН2)2-СООН;
ж) СН3-(СН2)2-СН(NH2)-СН2-СООН з) NH2-(СН2)3-СООН.
Әр класс қосылыстарына сәйкес анықтама беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет