Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02 1023. Заттың эквиваленті



бет4/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012 кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,02 1023.
Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.
Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.
Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,021023 моль-1.
Осыдан : 1. әртүрлі газдардың бірдей жағдайда (t, p) бірдей көлемдеріндегі молекулаларының саны бірдей болады;
2. қалыпты жағдайда (қ.ж.) газдардың молярлық көлемі 22,4 л/моль болады. Олай болса, 1моль газдың қ.ж. көлемі 22,4л.
Эквивалент көлем – заттың 1 эквиваленті алатын көлем. Сутегінің эквиваленті 1 моль , оттегінің эквиваленті 0,5моль болғандықтан сәйкесінше эквивалент көлемдері 11,2 л/моль және 5,6 л/моль болады.
Химияның негізгі заңдар: масса сақталу заңы; энергия сақталу заңы; құрам тұрақтылық заңы; еселік және көлемдік қатынастар заңдары; Авогадро заңы, эквиваленттер заңы.
Масса сақталу заңы – химиялық реакцияға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттар массасына тең. Масса мен энергия байланысын көрсететін А.Эйнштейн формуласын (Е = mc2) қолданып, масса және энергия сақталу заңын былай оқиды: оқшауланған жүйеде химиялық реакцияға дейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысы реакциядан кейінгі заттар массаларының қосындысы және энергиялар қосындысына тең болады. Мұндағы Е энергия, m – зат массасы, с – вакуумдағы жарық жылдамдығы, 300000км/с. с2 мәні өте үлкен болғандықтан, масса өзгерісін өлшеу мүмкін болмағандықтан, масса сақталу заңында ешқандай бұзылушылық жоқ сияқты.
Авогадро заңы – бірдей температурада және шексіз аз қысымдарда газдардың бірдей көлемдерінде молекулалар саны бірдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет