«Химия» пәнінен -тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тапсырма Химиялық тепе – теңдікке әсер ететін факторларды атаңыз



Дата13.01.2023
өлшемі20,11 Kb.
#61227
Байланысты:
10 сынып 2 тжб


«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тапсырма 1
Химиялық тепе – теңдікке әсер ететін факторларды атаңыз

  1. уақыт

  2. қысым

  3. катализатор

  4. температура

  5. концентрация

  6. заттың табиғаты

  7. заттың агрегаттық күйі

  8. заттың тиісу, аудандық беті

[4]
Тапсырма 2
Қымыз қышқылы, H2C2O4, мен калий(VII) манганаты, KMnO4, реакциясы кезінде заттар қандай физикалық күйде болатынын тауып,сәйкес формулалармен мәтінді толықтырыңыз.
Күкірт қышқылының қатысуымен қымыз қышқылы мен калий(VII) манганаты арасындағы реакция ....................... фазада жүреді, бірақ өнімнің бірі газ тәрізді, СО2, ...................... Сол себепті реакция .......................... болады.
Қажетті сөздер: қатты, сұйық, газ тәрізді, гомогенді, гетерогенді [3]
Тапсырма 3
Берілген реакция теңдеулерінің ішінен эндотермиялық реакция процестерін таңдаңыз, жауабын көрсетіңіз



  1. N2(г)+3H2(г)⟶2NH3(г) ΔH=−683 кДж/моль 



  1. CaO(қ)Ca(қ)+2O2(г) ΔH=635 кДж/моль



  1. H2(г)+I2(г)⟶2HI(г) ΔH=52 кДж/моль

[3]
Тапсырма 4
Метан жануының термохимиялық теңдеуі былайша болады:
CH4(г)+2O2(г)CO2(г) + 2H2O(г) ΔH=–802 кДж
(а)Бұл реакция, (+) белгісін қойыңыз:

Экзотермиялық




Эндотермиялық




[5]
(b) 5 моль метан жанғанда бөлінетін көмірқықыл газының көлемі мен массасы қандай? Есептеңіз [3]
Тапсырма 5
(а) Бастапқы заттардың концентрациясын 8 есе кемітсе, берілген реакция жылдамдығы неше есе кемиді: СО(г) + 2 Н2(г)= СН3ОН (с) [5]
(b) Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ = 3. Температураны 50 ˚С- қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады.[3]
Тапсырма 6
(а) Берілген реакциялардың тепе – теңдік константасының өрнегін жазыңдар:

  1. К2CO3 (қ) + 2HCl (c) = 2КCl (c) + H2O(c)+ СО2 (г)

  2. Мg (қ) + H2SO4(c) = MgSO4(c) + H2(г)

[4]


[Барлығы 30 балл]



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет