«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі62,5 Kb.
#98299
  1   2
Байланысты:
8 сынып ТЖБ


«Химия» пəнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі алмаз бен графиттің құрылысы бойынша негізгі айырмашылығын анықтаңыз.
A) алмаз жұмсақ, графит қатты
B) алмаз электр тогын өткізбейді, ал графит өткізеді
C) алмаз молекуласында көміртек атомы төрт, ал графитте үш ковалентті полюссіз байланыстармен байланысқан
D) алмаз молекуласында көміртек атомдары белгілі бір парралель жазықтықтарда орналасқан, ал графитте тығыз жанасып орналасқан тетраэдр
[1]

2. Көмірқышқыл газын тексеру жолдарын анықтаңыз.


1) көмірқышқыл газын әк суы арқылы өткізгенде әк суы лайланады
2) шала жанған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда лапылдап жанады
3) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда шыра сөніп қалады
4) жанып тұрған шыраны көмірқышқыл газына апарғанда "ПАХ!!!" деген дыбыс шығарып, жанады
A) тек 1, 3
B) тек 2, 4
C) 1, 3, 4
D) 2, 3, 4
[1]

3. Автокөліктердің іштен жанатын қозғалтқыштарындағы отынның және пештегі отынның шала жануы барысында көміртек монооксиді түзіледі. Оның тарихи атауы - иіс газы. Олай аталу себебі, ол - иіссіз, түссіз улы газ. Көміртек монооксидімен улану белгілерін көрсетіңіз.


А) бас ауруы, құсу, тыныс алудың қиындауы


B) құсу, бас айналу, жүрек қағысының артуы
C) бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы
D) жүрек қағысының төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі
[1]

4. Оксидтердің түрлері мен олардың формулалары арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз.


1. Амфотерлі A) N2О5
2. Қышқылдық B) Na2O
3. Негіздік C) Al2O3
1. __________ 2. ___________ 3. ___________
[1]

5. Төменде келтірілген қышқылдардың формулаларын екі топқа жіктеңіз:


HCl, HNO3, H2SO4, HBr, HClO4, HCN, HF, H3PO4
Оттекті ________________
Оттексіз _______________
[1]

6. Сөйлемді толықтырыңыз.


Қышқылдарды құрамындағы сутек атом санына байланысты: ___________ және _______________, ___________ деп, ал оттектің болу /болмауына байланысты: ____________ және ___________________ деп жіктейді.

[1]

7. Берілген қосылыстардың ішінен қышқылды тауып жазыңыз.
Al2O3, HCl, CаSO4, MgO, H2SO4, KOH, HOH _________________________________________________________________
[2]

8. Сөзбен берілген реакция теңдеулерін таңбалар мен формулалар арқылы жазып теңестіріңіз:


a) магний оксиді + күкірт қышқылы → магний сульфаты + су __________________________________________________________________


[1]

b) алюминий оксиді + азот қышқылы → алюминий нитраты + су __________________________________________________________________


[1]
9. Тұздарға екі мысал келтіріңіз. ______________________________________
[2]

10. Барий гидроксиді және тұз қышқылы арасындағы жүретін бейтараптану теңдеуін жазып, теңестіріңіз


__________________________________________________________________
[1]

11. Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазып теңістіріңіз.


(a) металл металл оксиді металл гидроксиді
__________________________________________________________________
[2]
(b) бейметалл бейметалл оксиді қышқыл
__________________________________________________________________
[2]
12. (а) Суда еритін негіздерді (сілтілер) бөліп көрсетіңіз. Zn(OH)2, KOH, Ca(OH)2, Al(OH)3
__________________________________________________________________
[1]

(b) Реакция теңдеуін аяқтап, түзілген тұзды атаңыз: Ca(OH)2 + H2SO4


__________________________________________________________________
[1]
13. Судың химиялық ластануына әсер ететін бір факторды жазыңыз. __________________________________________________________________
[1]

14. Биологиялық бактериялармен ластанған судың басты қаупі неде?


__________________________________________________________________
[1]

15. Табиғи шипалы сулардың құрамы әр түрлі мөлшердегі еріген тұздардың болуымен сипатталады. Кейде осы тұздар тұрмыста қолданылатын ауыз суының құрамында да кездеседі. Бұл тұздардың судың сапасын төмендетіп, пайдалануға жарамсыз ететін жағдайлар да жиі кездеседі. Оның себебі кермектілікті тудыратын Ca2+ және Mg2+ иондарының мөлшерден тыс көп болуынан. Мұны, біз күнделікті өмірде үйде пайдаланатын ыдыстың, ал өнеркәсіпте бу қазандықтарының ішінде "қақ" тұруынан байқаймыз.


(a) Бұл кермектіліктің қандай түріне жатады?
_________________________________________________________________
[1]
(b) Ыдыстың немесе бу қазандықтарында "қақтың" пайда болуын түсіндіріңіз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]

16. Кермек суда сабын көбіктенбей іріп кетеді. Сондықтан судың кермектілігін жою үшін оны қайнатады. Кей кездері кермектілік қайнатқаннан кейін де жойылмайды. Бұл кермектіліктің түріне байланысты.


(a) Қайнатқаннан кейін де кермектіліктің жойылмауы кермектіліктің қандай түріне жатады? Осы кермектіліктің құрамына кіретін анионның бірінің формуласын жазыңыз.


__________________________________________________________________
[1]
(b) Бұл кермектілікті жоюдың бір әдісін ұсыныңыз. __________________________________________________________________
[1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет