«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


D «Қышқыл және негіз ерітінділері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет20/27
Дата14.03.2023
өлшемі0,94 Mb.
#74103
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
«Õèìèÿ» ï?í³íåí æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê ?ñûíûñòàð

11.3D «Қышқыл және негіз ерітінділері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты 11.3.4.3 Сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және
ерітіндінің рН-ін концентрацияға [Н+] және кері
түрлендіру
11.3.4.4 Күшті қышқыл және күшті негіздің pH-ін есептеу 11.3.4.5 Буферлі ерітінділердің әсер ету принципін
түсіндіру
11.3.4.7 Әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру
11.3.4.9 Титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу

Бағалау критерийі Білім алушы


  • Сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН-ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру әдістерін көрсетеді

  • Күшті қышқыл және күшті негіздің pH-на байланысты есептеуді жүргізеді

  • Буферлі ерітінділердің әсер ету принципінің мәнін сипаттайды

  • Әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын сипаттайды

  • Титрлеу нәтижесі бойынша сандық есептеулер жүргізеді

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 25 минут

Тапсырмалар



  1. Сутектік көрсеткіш түсінігін 1909 жылы дат химигі Серенсен енгізді. p әріпі дат тіліндегі potenz – математикалық дәреже Н әріпі – сутегі символы беріледі.

    1. Төмендегі терминді сипаттайтын формуланы жазыңыз:

      1. рН...................

      2. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?

      3. 0.004 моль * дм-3 НСІ сулы ерітіндісінің рН және [Н+] есептеңіз.

      4. рН 11-ге тең калий гидроксиді ерітіндісінің молярлық концентрациясын есептеңіз.


  1. Күшті қышқыл және күшті негіздің pH –на байланысты есептеу жүргізіңіз:

    1. 0,012М күкірт қышқылы толық диссоциацияланады деп есептеп, оның рН мәнін есептеңіз:

    2. 0,03 М натрий гидроксидінің рН мәнін есептеңіз:


  1. Буферлі ерітінділердің әсер ету принципі:

    1. (і) Буферлі ерітінділер дегеніміз не?

(іі) Екі түрлі буферлі ерітіндіге мысал келтіріңіз: (ііі) Буферлі ерітінділердің тірі ағзаларда атқаратын рөлін түсіндіріңіз: (b) (і) Буферлі ерітінділерді дистилденген сумен сұйылтқан кезде олардың рН-ы өзгере ме?
(іі) Буферлі ерітіндінің қышқыл және сілті ерітінділеріне қалай әсер ететінін сипаттаңыз:

  1. Швед ғалымы Сванте Аррениус әртүрлі заттардың электр өткізгіштігін зерттей келе, электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынып, электролит ерітінділерінің электрөткізгіштігін алғаш түсіндірді.

(c) (і) Әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын сипаттаңыз:
(іі) Берілген тиісті сөздердің көмегімен сөйлемді толықтырыңыз:
Тиісті сөздер: толық, электролит табиғаты, диссоциациялану константасының, әлсіз, температураға, жартылай, күшті.
Электролиттер ...........және ..........болып, екі топқа бөлінеді. Күшті электролиттер суда ерігенде иондарға ...............диссоциацияланады, ал әлсіз электролиттер - ................... диссоциацияланады. Әлсіз қышқылдар мен әлсіз негіздердің күшті қышқылдар мен күшті негіздерден айырмашылығы сулы ерітіндіде..........................диссоциацияланатындығында, сондықтан мұнда рН- ты диссоцияция ...................ескере отырып есептеп шығарады. Диссоциациялану константасының мәні электролит ............, еріткішке (әртүрлі диэлектрлік тұрақтылар) және ...................... тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет