Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І тур (теориялық тур)
1. Мырыш пен оның нитратының қоспасын ауада қыздырғанда, оның массасы өзгермеген. Қоспадағы мырыштың массалық үлесін (%) анықтаңыздар. 5 балл
2. Калий хлоратының 100г судағы ерігіштігі 70С кезінде 30,2 г, ал 30С кезінде 10,1г. 70С кезінде қаныққан 70г ертінідіні 30С температураға дейңн суытқанда қанша грамм калий хлораты бөләнәп тұнбаға түседі? 6 балл
3. Жабық ыдыстарда А және В газдары берілген. А газының жағымсыз иісі бар, В газы - тұншықтырғыш. А газы оттекпен әрекеттескенде 5,4 г су және С газы түзіледі. С газы ауада оңай қоңыр түстң Д газына айналады. В газы суда өте нашар ериді. Оның ерітіндісі лакмус қағазын қызыл түске боянады. В газының судағы ерітіндісіне күміс нитратын қосқанда 14,35г ірімшік тәрізді ақ түсті тұнба түзіледі. А мен В газдарының бір біріне қосқанда Е тұзы түзіледі. Қыздырғанда ол қайтадан А мен В газдарына ыдырайды. А, В, С, Д, Е заттарын анықтапр, олардың формулаларын және тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар. 7 балл
4. Екі элементтен тұратын массасы 22 г А қосылысын ауаның артық мөлшерінде қақтағанда В газы мен қатты С қалдығы түзілген. С затының тұз қышқылдағы ерітіндісі әлсіз қышқылдық орта болғанға дейін бейтарапталғаннан кейін сары қан тұзымен К4(Fe(CN)6) көк түсті тұнба береді. С затын сутекпен тотықтырғанда металл түзіледі. егер В газының Бертолет тұзы ыдырағанда түзілетін газбен қосып, алдымен катализатор үстінен өткізіп, сосын суда ерітсе, Д затында массасы 75г 35%дық ерітіндісі түзіледі. Ол ерітінді жоғарыда аталған металмен В газын түзе әрекеттеседі. Д затының ерітіндісіне барии хлоридімен әсер еткенде ақ тұнба түзіледі. А заттарының құрамын анықтаңыздар және сәйкес теңдеу лерін жазыңыздар.
8 балл
5. Жай су мен ауыр судың қоспасы берілген қоспадағы оттектің массалық үлесі 86%. Қоспадағы ауыр судың массалық үлесін анықтаңыздар. 9 балл
Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
ІІ тур (практикалық тур)
Бес нөмірленген мынауыққа келесі заттарждың ерітінділері құйылған: барий хлориді, натрий хлориді, алюминий нитраты, калий карбонаты және күкірт қышқылы оптимал жоспар құрып, басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құылғанын анықтаңыздар. Теңдеулерді олекулалық иондық және қысқартылған иондық түрде жазыңыздар. 15 балл
Достарыңызбен бөлісу: |