Химия рк сұрақтары



бет2/30
Дата25.11.2023
өлшемі3,33 Mb.
#127822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Qp = ΔU + A = (U2 – U1) + Р(V2 – V1),
Qp = H2 – H1 = ΔH, ΔH = ΔU + РΔV,
ΔH – жүйенің энтальпиясы деп аталады. Химиялық реакцияларға қатысатын және түзілетін заттармен бірге реакцияның жылу эффектісі көрсетілген теңдеулерді термохимиялық теңдеулер дейді. Термохимиялық теңдеулерді жазғанда термодинамика бойынша бөлінген жылу теңдеудің оң жағына минус (–) белгісімен, ал сіңірілген жылу плюс (+) белгісімен көрсетіледі. Реакциялардың жылу эффектілерін сан жағынан зерттейтін ғылымның бірі термохимия деп аталады.
Термохимияның негізгі заңын 1840 жылы орыс ғалымы Г.И. Гесс ашты, ол Гесс заңы деп аталады және былай айтылады:
Реакцияның жылуы (энтальпиясы) – реакцияның қандай жолмен жүруіне байланысты емес, тек реакцияларға қатысатын бастапқы заттардың және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың түріне және күйіне ғана байланысты.
Көміртегі (IV) оксидін екі түрлі реакциялардың жәрдемімен алуға болады.
I әдіс: C(граф) + O2(газ) = CO2( газ), ΔH1;
II әдіс: C(граф) + 1/2O2(газ) = CO(газ), ΔH2;
CO(газ) + 1/2O2(газ) = CO2(газ), ΔH3.
Г.И. Гесс заңынан бірнеше салдар шығады. Олардың аса маңыздылары мыналар:
Тура реакцияның жылу эффектісі кері таңбамен алынған кері реакцияның жылу эффектісіне тең.
A→B +∆H1; B→A –∆H2,
мұнда Гесс заңынан шығатын салдар бойынша ∆H1 = –∆H2 тең болады.
Реакцияның жылу энтальпиясы оның нәтижесінде түзілген заттардың түзілу жылуларының (энтальпияларының) қосындысынан реакцияға қатысқан заттардың түзілу жылуларының қосындысынан алып тастағанға тең. Реакция теңдеуіндегі заттардың алдындағы коэффициенттері олардың сәйкес түзілу жылуларына көбейткіш болады.
,
2Mg(қ) + CO2(г) = 2MgO(қ) + C(графит).
Гесс заңы бойынша бұл реакцияның жылу эффектісін былай табады:
.
Жылу эффектісін өлшеу үшін калориметрді пайдаланады. Оларда реакцияларды белгілі мөлшерімен жүргізеді және температураның өзгерісі бойынша бөлінген (немесе сіңірілген) жылу мөлшерін өлшейді.
Заттардың жану энтальпиясы   – деп стандартты жағдайда, тиісті жоғары оксидтерді түзе жүретін заттың бір молінің оттекпен тотығу реакциясындағы өзгеруін айтады.
Гесс заңының екінші салдары: химиялық реакцияның жылу эффектісі бастапқы заттардың жану жылулықтарының қосындысынан реакция өнімдерінің жану жылулығының қосындысын шегергенге тең
.
Энтропия. Екі газдың молекулалары бір-бірімен өздігінен араласып, біраздан кейін ыдыстың барлық көлеміне біркелкі тарайды. Араласу кезінде жүйенің қысымы, температурасы, энергиясы өзгермейді, газдар да бір-бірімен әрекеттесе қоймайды, бірақ газдардың араласу процесі өздігінен жүрді. Бастапқы күйде ыдыстың әр бөлімінде әр газдың молекулалары өзара белгілі бір ретпен орналасқан еді, ал екі газдың молекулалары араласқаннан кейін жүйеде ретсіздік байқалады.
Энергиясы өзгермей өздігінен жүретін процестер жүйеде реттілік азайып күшейетін бағытта жүреді. Жүйедегі ретсіздіктің сандық мәнін энтропия анықтайды, оны S әрпімен белгілейді. Егер жүйе бір күйден (1) екінші күйге (2) ауысатын болса, онда оның энтропиясының өзгеруін былай табады:
.
Энтропияның сандық мәні Дж/(моль∙К). Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін олардың осы жағдайдағы қасиеттері деп қатал тиісті энтропияларының сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Заттың қатты күйден сұйық күйге, сұйық күйден газ күйіне ауысқанда энтропияларының өсетінін байқауға болады.
.
G – изобара-изотермиялық потенциал немесе Гиббстің еркін энергиясы 
.
Тұрақты қысымда және тұрақты температурада изобара-изотермиялық реакциялардың өздігінен жүруіне энтальпиялық және энтропиялық факторлардың әсері изобара-изотермиялық потенциалдың өзгеруін анықтайды. Химиялық реакцияның изобара-изотермиялық потенциалдың өзгеруі энтальпиялық және энтропиялық факторлардың айырмасына тең.
– изобара-изотермиялық жағдайда.
Бұл функцияның өзгеру белгісі, сол заттар арасындағы реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігін анықтайды:
- егер ΔG ˂ 0 – онда реакция тура бағытта мүмкін;
- егер ΔG ˃ 0 – онда реакция мүмкін емес;
- егер ΔG = 0 – онда реакция тура және кері бағытта мүмкін, және реакция кайтымды.
.
Химиялық реакциялардың бағытына температураның әсері

ΔH

ΔS

ΔG

Реакция бағыты

Мысалы

ΔH ˂ 0

ΔS ˃ 0

ΔG ˂ 0

Кез келген температу-раларда тура реакция өздігінен жүретін бола алады

Сграф + 1/2О2 = СО

ΔH ˃ 0

ΔS ˂ 0

ΔG ˃ 0

Кез келген температу-раларда тура реакция өздігінен жүре алмайды

СО = Сграф + 1/2О2

ΔH ˂ 0

ΔS ˂ 0

ΔG ˂ 0
ΔG ˃ 0

Тура реакция төменгі температураларда өзді-гінен жүре алады және кері реакция – жоғары температурада

СаО + СО2 = СаСО3

ΔH ˃ 0

ΔS ˃ 0

ΔG ˃ 0
ΔG ˂ 0

Тура реакция жоғары температура кезінде, ал кері реакция – төменгі температура кезінде өз-дігінен жүре алады

СН4 + 2Н2О(г) =
СО2 + 4Н2

Гельмгольц энергиясы
Изохоралы-изобаралы процестердің тепе-теңдік кезіндегі жүйенің жасайтын жұмысы тең
,
.
F – реакцияның жүру бағытын және жүру шегін сипаттайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет