Химия тілі және оның маңызы



бет1/3
Дата06.12.2022
өлшемі30,23 Kb.
#55459
  1   2   3
Байланысты:
Химия тілі және оның маңызы


Химия тілі және оның маңызы.

Химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін объектісі, зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп, заттандырытын таңбалар жүйесі болады.


Әдетте, тар мағынадағы түсініп осы үшеуінің ішінде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады, солай екені рас. Білім-сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен, химиялық тіл дегеніміз- химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден-бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.
Химия тілінің бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі - ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады. Химиялық терминдер-ғылыми ұғымдардың атаулары. Химиялық элемент, атом, зат және химиялық реакция ұғымдары анықталғаннан кейін ғана химия ғылым ретінде қалыптасты. Химияның ғылыми ұғымдары молайған сайын оларды бейнелейтін терминдер жүйесі байып, толыса түседі.
Химиялық тілдің екінші бөлігі - химиялық номенклатура, заттарды атаудың белгілі негізге сүйенетін арнайы жүйесі. Ол кәдімгі және жүйелілік, ұлттық және халықаралық номенклатура деп жіктеледі. Жүйелік және халықаралық номенклатура химиялық символикаға негізделеді.
Ол гривиалды (түрмыстық) және жүйелік деп екіге бөлінеді. Жүйелік поменклатура химиялық символикаға негізделеді. Сондықтан химия ғылымында оны формулалар мен зат атауларынан тұрады деп ссептейді. Тұрмыстық (тривиалды) номенклатура — заттарды майдалану кезінде берілген әр түрлі атаулар. Ол атаулар кездейсоқ қалыптасқан, тұрмыста, құрылыста, медицинада, халық шаруашылы-гының алуан түрлі салаларында кеңінен пайдаланылады. Бұл атаулардың кепшілігі қысқа, ұтымды ауызекі сөйлеуде, мәтінде пайдалануга қолайлы.

Химиялық тілдің үшінші бөлігі - химиялық символика, химиялық таңба, формула және теңдеуден құралады.


Химиялық символика — халықаралық шартты тіл, заттар мен құбылыстарды белгілеудің ең қысқа және тиімді құралы. Сондай-ақ, химиялық символика заттың құрамы мен құрылысы жөнінде көптеген мағлұматтар алуға, заттың қасиетін, реакцияласу қабілетін жэне реакциялардың жүру бағыттарын болжауға мүмкіндік туғызады.
Жүйелік номенклатура мен химиялық символика ұлттық тілдің құрамына кірмейді, өзінше дербес қолданылады. Химиялық таңба — элемент атомының шартты белгісі. Ол элемент атомының атын ғана емес, белгіленіп отырған элементтің көміртектік бірлікпен алынған атомдық массасын, атомның молін, мольдегі атом санын көрсетеді. Қорыта айтқанда, химиялық таңба арқылы оның (заттың) сапалық және сандық мәнін ажыратуға болады

Химиялық тіл-оқушыларға тәрбие берудің және оларды дамытудың ең тиімді құралы. Заттар мен құбылыстардың шарттастығын, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын ашу, тікелей көзге түспейтін мәнін түсіндіру арқылы химиялық тіл оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет