Химия тілінің оқу тәрбиелік маңызы.
Химиядан білім берудің оқу-тәриелік негізгі міндеті- оқушыларды тек білім жүйесімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге олардың алған білі мін жадында сақтау және ойлау қабілетін, химиялық тіл шеберлігін, білімге қызығуын, дүниетанымдық көзқарасын, ықыласынтасын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын және т.б. қасиеттерін жетілдіру болып табылады. Бұл міндеттері оқушылардың танымдық әрекеті мен ақыл-ойын жетілдіру белсенділігін арттыру арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыс түрлерін кеңінен қолданған тиімді десек, соның бірі – танымдық ойындардың әр түрлі элементтерін енгізу. Химиядан берілетін білімнің тиянақтылығын сабақ барысында түрлі дидактикалық ойын әрекеттері арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігін біз де ашып көрсетеміз. Мәселен, химиялық домино, лото, кесілген таңбалар осының айғағы. Оқушылардың білімін есепке алудағы танымдық ойынның рөлі Н.К Ахметовтың еңбегінде ғылыми негізделген.
Химияны оқыту кезінде ұғым қалыптастырудың теориялық негізі туралы көптен шұғылданып жүрген әдіскер, педагог, ғалым Н.Е.Кузнецова, зат туралы, химиялық реакция жайлы білімнің жалпылану мен қызметін, танымдық іс-әрекетін, теориялық түсінік белсенділігін, олардың творчествалық ойлауын дамытудың ғылыми негізделген әдістемесі мен тұжырымдамасын жасады. Оның пікірінше, химиялық тілдің барлық құрамдас бөліктері туралы білім бірден берілмейді. Ол химияны тану, білу құралы ретінде ұғымдарның қалыптасуы махмұнымен тығыз байланыста жүреді. Берілетін білім мен ұғымның теориялық деңгейі өзгерген кезде, білімнің айтылу түрі өзгеріп, таңбалық ақпарат қайта белгіленеді, сөйтіп олар қатар дамиды. Әрбір ғылым өзінің маңызды және ерекше белгілерін оқушыларға ашып, қолайлы түсіндірілетін тиімді тілде баяндайды. Сол сияқты химия ғылымының тілі де өз құрамына табиғи тіл сөздері мен сөйлемдерден басқа, ерекше бөліктері: химиялық термонология, номенклатура және символиканы – «химиялық тілді» қамтиды. Химияны ғылымда тек өз тілі арқылы пайдалануға мүмкіндік туады.
Химия тілі ғылыми негізде құрылады да, білім мен тәрбие құралы ретінде оқыту жүйесінің құрамдас бөлігі, химиялық білімнің берілуі формасы мен көзі болып табылады. Химия тілі химия ғылымының бір бөлігі ретінде қаралады. Әр ғылымының зерттейтін объектісі, зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі, оны тіркеп заттандыратын таңбалар жүйесі – ғылым тілі болады. Әдетте, тар мағынада түсінік, осы үшеуінің ңшңнде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады. Білім – сананың қызметі, ол бақылайтын, зерттейтін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Ғылымның тілін өзінен бөліп қарауға болмайды. Ғылым тілі оның жинаған білімін тіркеу, сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін қолданылады. Ғылыми білім оның зерттейтін объектісі, ақиқат болмыстың санадағы көрінісі.
Химия – заттардың сан алуан сапалық өзгерістерін зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Заттарды тәжірибелік зерттеуден алынған білім алдымен ғылым саласына орнайды, одан екінші салаға ауысу немесе қоғамдық сана қорына құйылу үшін білім естілетін немесе көрінетін материаға айналуы қажет. Тіл – осындай дыбыстан не әріптен тұратын материя. Химияның объектісі – зат. Ол да материаның нақты бір түрі. Химиялық білім мен тіл – химиялық дүниетанымның жүйесі. Үшеуінің арасындағы тәуелділікті үшбұрышпен көрсету тиімді әрі көрнекі:
Ғылыми білім, зат, ғылым тілі. Ғылыми еңбекті оқығанда алдымен мәтін мазмұнынан ғылымның тілін қабылдаймыз, содан соң тілдің астырындағы мағынасы-білім арқылы заттар алуан құбылыстарын түсінуге ұмтыламыз. Химиялық таным заттан тілуге, тілден затқа қарай қарама-қарсы бағытта жүзеге асады. Өйткені ғалым зерттейтін заты жөнінде өзіне дейінгі ғылым арқылы тіркеліп жазылған білімді жетік игерімесе, жаңалық ашуы мүмкін емес. XVIII ғасырда А. Лавуазье ғылымсыз тіл, тілсіз ғылым жетілмейтінін дәл басып айтты. Ол жалпы жаратылыстану ғылымы үш бөліктен: 1)ғылыми деректер, 2)олардан туындайтын көзқарастар, 3)осы екеуін баяндайтын тіл,-дегенді айтты.
Ғылыми тілі сол ғылымның құрамдас бөлігі болып табылатындығы туралы пікір осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ғылым тілі ғылыми таным нәтижелерін бір-бірімен байланыстырып, оқушылардың белгілі бір білім жүйесін қабылдауын жүзеге асырады. Химиялық таным обьектілер-заттар, ал пәні-тұтастай затардың химиялық қосылыстары, яғни оның молекулалық бертолидті формасы - ауыспалы күйі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |