Химия зертханасындағы сақТЫҚ шаралары және жұмыс істеу техникасы


Заттардың қасиеттерін және өзгеруін анықтау зерттеу үшін химиялық лабораториялар қолданылады. 2



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#127764
1   2
1
Заттардың қасиеттерін және өзгеруін анықтау
зерттеу үшін химиялық лабораториялар
қолданылады.


2
Химиялық лабораторияда жұмыс жасау
барысында техника - қауіпсіздік ережелерін
қатаң сақтау керек.

Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі.





Әйнек ыдыстар
Химиялық лабораторияларда көбінесе шыны ыдыстарды қолданады. Себебі шыны ыдыстағы заттың түр – түсі анық көрінеді.
Қыздыруға ыңғайлы. Заттың өзгерісін ешқандай қиындықсыз анық көруге болады.



Пластмасса ыдыстар
Пластмасса ыдыстар сынбайды. Бұл оларды қолданудың ең бірінші себебі . Кемшілігі қыздыруға болмайды.





1. Сынауықтар 2. Колбалар 3.Жайпақ түпті колба 4. Конус тәрізді
колба


Сынауықтарды қыздыру үшін арнайы қысқыштар қолданылады.



Колбаларды да қыздыруға болады . Бірақ колба міндетті түрде қыздыруға төзімді болуы тиіс. Термотұрақтылық белгісі конуста тік төртбұрышпен көрсетіледі.

Әр түрлі сұйықтардың көлемін анықтау үшін өлшемдері көрсетілген химиялық ыдыстар қолданылады. Олар:




1. Өлшегіш стакан 2. Өлшегіш колба 3.Мензурка 4. Өлшегіш цилиндр

Түбі жайпақ колбаларды үстелге қоюға болмайды. Сол себепті химиялық лабораторияларда арнайы штативтер қолданылады . Штативтер көмегімен колбаларды қыздырады, Вюрц колбасы газ жинауға мүмкіндік береді.


Штатив құрылысы:

1. Қысқыш


2. Ұстатқыш
3. Стержень

4. Сақина


5. Негізі




Вюрц колбасы
Дөңгелек түпті , газ өткізгіш түтігі бар колба. Бұл түтік арқылы газ жиналады.




Клайзен колбасы
Клайзен колбасы Вюрц колбасынан айырмашылығы оның 2 мойны болады, оны көбінесе органикалық қосылыстарды айдау үшін қолданады.

Жиналған газды салқындату және сұйыққа айналдыру үшін арнайы шыны тоңазытқыштар қолданылады.



Шыны тоңазытқыштың ішіндегі газды түтіктен өтіп тұрған салқын су арқылы салқындатады.


Конусты воронкалар
Сүйықтарды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю үшін воронкалар қолданылады.
Және де бұндай колба типтес воронкалар көмегімен фильтрация процессін жүргізе аламыз.




Фильтрация процесі

Фильтрация көмегімен қатты заттарды сұйықтан ажыратады. Масылы, лайланған суды құм кесектерінен тазарту .





Бөлгіш воронкалар
Бөлгіш ворока арқылы өзара араласпайтын екі сұйықты бөлуге болады.





Жұмыс істеу тәртібі:
Воронканы штативке бекіту керек. Тығыздығы жоғары сұйықтық воронка арқылы төменге жылжиды, ал тығыздығы аз сұйықтық воронканың жоғарғы бөлігінде қалады.



Бөлгіш воронканың түрлері




Кристаллизатор
Химиялық зертханаларда кристаллизатор кеңінен қолданылады. Бұл көлемі үлкен шыны ыдыс.
Үлкен көлемінің арқасында еріткіш бірден жайылып кетеді , ал еріген зат кристаллизатор қабырғасында кристал күйінде жинақталады.
Кристаллизаторды қыздыруға болмайды .



Шыны ыдыстардан бөлек химиялық зертханаларда фарфор ыдыстар да қолданылады. Бұндай ыдыстар көмегімен шыны ыдыста жасауға болмайтын мысалы үгіту процесін жүргізе аламыз.



1. Фарфор келі келісабымен 2. Фарфор табақшалар

Химиялық зертханалық ыдысты жуу және кептіру

Химиялық ыдыс тап-таза болуы қажет және бұл шарт орындалмаса, жұмыс істеуге болмайды. Сондықтан ыдыстың тазалығына ешқандай күмән тудыратын жағдай болмайтындай таза жуып үйрену қажет.

Егер химиялық ыдыстар шайырмен, май дақтарымен, суда ерімейтін басқа да заттармен ластанбаған болса, оларды жылы сумен де жууға болады. Егер шыны ыдыстар қабырғаларында тамшылар қалмаса, ыдыс таза деп саналады.

Егер шынының қабырғасында тұздардың не тұнбалардың қақтары болса, ыдысты алдымен ершпен тазалап, сосын жылы сумен жуады. Шыны ыдысты ершпен сындырып алмас үшін, оның ұшына резеңке кигізіп кою қажет.

Жылы сумен таза жуылған ыдысты бірнеше рет соңынан дистилденген сумен шаю керек.

Үлкен зертханаларда химиялық ыдыстарды арнайы ыдыс жуғыш машиналарда және бу көмегімен жуады.

Ыдыстың ластануын кетіру әдістері





Химиялық әдіс


Физикалық әдіс



Химиялық және физикалық әдісті біріктіру

Механикалық әдіске ыдысты щетка не ерш көмегімен жылы сумен жуған немесе бумен жуған жатады.

Физика-химиялық әдіс кір ыдысты органикалық еріткіштер (бензин, ацетон, спирттер және т.с.с.), беттік-активті жуатын заттар немесе натрий фосфаты көмегімен тазалауға негізделген.

Химиялық әдіс – хромды қоспамен, калий перманганаты ерітіндісімен, тұз қышқылымен, сутек пероксидімен, сілтінің концентрлі ерітіндісімен немесе күкірт қышқылымен ыдысты жуу.

Ыдысты жуудың тәсілін таңдау үшін әр жеке жағдайда мыналарды білу қажет:

1. Ыдыстарды кірлетуші заттардың қасиеттерін білу;

2. Ластаушы заттың суық немесе ыстық суда, сілті ерітіндісінде, әртүрлі тұздар мен қышқылдарда еруін;

3. Тотықтырғыштың қасиетін пайдаланып белгілі бір шартпен органикалық және бейорганикалық ластаушыларды тотықтыру, оларды жеңіл еритін затқа айналдыру;

4. Ыдысты жуу үшін белсенді қасиетке ие барлық жуғыш заттар қолданылуы мүмкін (сабын, синтетикалық жуғыш заттар, жуғыш саздар т.б.);

5. Егер ыдысты ластайтын тұнба химиялық берік болса, онда оны кетіру үшін механикалық түрдегі тазартуды жүргізуге болады;

6. Жууға арналған реактивтерден тек арзан материалдарды қолданған жөн;

7. Жұмыс істейтін кісі ластаушылардың қасиеттерін білмеген жағдайда техникалық қауіпсіздік жағдайын және ыдыс жуу кезіндегі жазатайым оқиғалардың туу мүмкіншіліктерін әрқашан білу қажет. Зертханада жұмыс жасайтын әр жаңа қызметкер техникалық қауіпсіздік ережесімен таныс болуы қажет.



Кептіргіш шкафта кептіру
Ыдысты тез кептіру үшін кептіргіш шкафты қолдануға болады. Негізінде ыдысты кептіргіш шкафқа қоймас бұрын ыдыстың суы ағып кетуі үшін біраз уақыт төңкеріп (колышкада, кептіргіш үстелде) қояды.

Кептіргіш шкафтардың тұрақты температураны ұстап тұратын терморегуляторлары және электр қыздырғыштары болады. Шкаф температураны қадағалау үшін термометрмен жабдықталған. Кептірілетін зат қажетті температураға қойылған кептіргіш шкафқа салынып, берілген температурада белгілі бір уақыт сақталады. Кептірілетін зат тұрақты массаға дейін келгенше, кептіру процесін бірнеше рет жүргізеді. Кептіргіш шкафтарда зертханалық ыдыстарды да өте тез уақыт аралығында кептіріп алуға болады. Олар 3500С температураға дейін қызады
Кептіруді шкафта 80-1000С температурада жүргізеді. Шкафтың сөресіне фильтр қағаз салған дұрыс.
Кептіргіш шкафқа ыдысты түбін жоғары қаратып қоюға болмайды, онда су буының ұшуы ақырындайды. Кептіргіш шкафта кептірілген ыдысты бірден пайдалануға болмайды, ыдыстың біраз суығанын күту керек.

Ыдысты жуғанда немесе кептіргенде келесі жағдайларды есте сақтаған дұрыс:


1. Ыдыс әрқашан таза жуылу керек және дистильденген сумен шайылу қажет.

2. Ыдысты кептірген кезде оның кірлеп қалмауын қадағалау керек.

3. Ыдысты әртүрлі органикалық ерітінділермен жуғанда ол ерітінділерді үнемдеу керек.

4. Бағалы химиялық элементтер (иод, күміс, платина, сынап және т.б.) ерітінділерін ыдысты жуу кезінде төгіп тастауға болмайды, оларды жеке ыдысқа жинап алу керек.

5. Концентрлі қышқыл ерітінділерін және сілті ерітінділерін, иісті және улы заттарды, хром қоспасын, натрий металын және т.б. құбырға (раковинаға) төгуге немесе төгіп тастауға болмайды.

6. Ыдысты қандай жолмен жуатынын таңдамастан бұрын, ыдыстың қандай затпен кірлегенін ескеру керек.

7. Ыдыс жуу кезінде техника қауіпсіздігін және санитарияны сақтау керек.

8. Қауіпті және улы заттармен кірленген ыдыстарды тек қана сол заттармен жұмыс істеуге үйренген адамдар ғана жуа алады.

9. Иісті заттармен кірлеген ыдысты тек тартпаның (сорғыш шкафтың) астында жуады.

10. Ыдыс жуған кезде концентрлі сілтіні, концентрлі қышқылды, хром қоспасын қолданған кезде абайлау керек. Органикалық ерітінділермен жұмыс істеген кезде олардың буын иіскеп алудан, ерітіндіні қолға және киімге ағып кетуінен сақтану керек және көптеген өрт қаупін туғызатын органикалық ерітінділерді ескеру керек.

11. Кір ыдыстарды жууға арзан материалдарды қолданған жөн.

Қорытынды:




Химиялық зертханалар әртүрлі приборлармен, арнайы құрал – жабдықтармен , химиялық ыдыстармен, әртүрлі материалдар және реактивтермен жабдықталған.

Химиялық зертханалда сынауықтырмен, колбалармен, мензуркалармен ,өлшегіш цилиндрмен, және т.б ыдыстармен жұмыс істегенде оларды қолдану тәртібін білу керек.



1


2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет