Химия зертханасындағы сақТЫҚ шаралары және жұмыс істеу техникасы



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#127764
  1   2

ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНИКАСЫ





ХИМИЯ КАБИНЕТІНДЕ реактивтермен , химиялық ыдыстармен және қондырғылармен жұмыс жасағанда сақтық ережелерін қатаң сақтау керек

Қауіпті тәжірибелер жасау барысында , арнайы қорғаныш көзәйнек және медициналық қолғап қолданылады.


Кейбір улы заттар теріні күйдіріп жіберуі мүмкін.








Химиялық зертханалық кабинеттерде міндетті түрде тартта шкаф болуы тиіс. Себебі көптеген химиялық заттардың өзіне тән жағымсыз иісі бар . Тыныс жолдарына кері әсерін тигізуден сақтау үшін тартпа шкафты МҰҒАЛІМ РҰҚСАТЫМЕН ҚОСУҒА БОЛАДЫ.

Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1 /4 – 1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек .

Этикеткадағы арнайы белгілер


Әрбір реактиві бар ыдыста реактивтің аты , сапасы химиялық таза х.т немесе анализ үшін таза немесе т.б және концентрациясы көрсетіледі. Егер жазуы этикеткасы болмаса, ол реактивті пайдалануға қатаң тыйым салынады.

ҚОЛМЕН ҰСТАУҒА ТИЫМ САЛЫНАДЫ





БӨТЕЛКЕНІ АШЫҚ ҚАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ


ХИМИЯЛЫҚ ЫДЫСТА ҚЫШҚЫЛ БАР ЕКЕНІН БІЛДІРЕДІ


ХИМИЯЛЫҚ ЫДЫСТА НЕГІЗ БАР ЕКЕНДІГІН ЕСКЕРТЕДІ




ХИМИЯЛЫҚ ЫДЫСТА УЛЫ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ЗАТ БАРЫН ЕСКЕРТЕДІ

ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ



Химиялық лабораторияға тек оқытушының немесе лаборанттың рұқсатымен кіру керек.
Әрбір студент өзіне меншіктелген жерде тәжірибе жүрзізу керек.
Орын ауыстырғанда міндетті түрде оқытушыдан рұқсат алу керек.

К абинет әрдайым таза болуы керек. Үстелде артық заттар болмай керек.

Х имиялық ыдыстардан су немесе тамақ ішуге болмайды.
Р еактивтерді ауызға салуға қатаң тиым салынады.

Ж ұмысқа кіріспес бұрын , жұмыстың орындалуымен танысу керек.


Тәжірибеге қажетті ыдыстарды, құрал – жабдықтарды және реактивтерді оқытушыдан рұқсат алғаннан кейін ғана дайындауға болады.

А ртық алынған реактивті қайта ыдысына салуға болмайды.

Керекті раективті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына қояды.

Е гер реактивті пипеткамен алса оны жуу керек.


Тәжірибені кір ыдыста жасауға тиым салынады.

Қ ышқылдарды және негіздерді бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға тек зертхана қызметкерлеріне рұқсат беріледі.

Егер оталғыш сұйықтар немесе заттар жанса , спирт шамы тез өшіріліуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы , оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады, жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.

К иім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек.


О талғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын кабинаға немесе қоқыс салатын жәшікке тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып қояды.

Химиядағы сақтық ережелері және шартты белгілер




Теріге тиген қышқыл тамшыларын суық сумен жуу керек. Зақымданған орнын 2% - дық ас содасы ерітіндісімен залалсыздандыру керек.



Теріге тиген сілті тамшыларын суық сумен жуу керек. Зақымданған орнын 2% - дық сірке қышқылы ерітіндісімен залалсыздандыру керек



Химиялық заттың иісін анықтау барысында міндетті түрде 15 – 20 см арақашықтықты сақтай отырып, жеңіл қол қимылымен мұрынға қарай желпу керек.



Қысқыш сынауықтық жоғарғы бөлігінде орналасуы керек.



Спиртовканы тек сіріңкемен тұтату керек, ал өшіргенде отты қақпақшамен жабады.



Сынауықты қыздырғанда бастапқыда барлық бөлігін, ал сосын тек химиялық зат орналасқан бөлігін ғана қыздырады.



Химиялық затты оттың жоғарғы бөлігінде ұстап , қыздыру керек.



Қызып тұрған құралдарды тигель қысқыш көмегімен ұстау керек.



Құрғақ реактивтерді шпательмен алу керек.

Кез – келген химиялық лабораторияда төменде көрсетілген компоненттер болуы керек.


1.Өрт сөндіргіш гидрант.


2.Жұмыс аяқталғанда қол жууға мүмкіндік болатындай су краны.
3.Таза қол сүртетін орамал.
Қорытынды:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет