Қышқылдармен, сілтілермен жұмыс істеудің сақтық шаралары.
1. Концентрлі қышқыл мен сілтілер денеге тигенде күйдіреді. Аяқ киімге және киімге қышқыл немесе сілті тигенде тесіледі, жыртылады.
2. Аммиак, бром, концентрлі азот немесе тұз қышқылын тартпа шкафта құю керек.
3. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды абайлап құю керек. Қышқылға су құюға болмайды!
4. Құрғақ сілтілерді суға біртіндеп қосып ерітеді. Сілтінің кесектерін шүберекпен ұстау керек.
5. Қышқыл ерітіндісін сілтімен (немесе керісінше) бейтараптағанда бір – біріне тамшылатып қосу керек.
6. Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты раковинаға құюға болмайды, оны арнайы ыдысқа құяды.
7. Хром қоспасы өте күшті күйдіреді және қауіпті.
8. Сілтілік металдар (литий, калий, натрий) өте белсенді заттар екенін есте ұстау керек. Бұлармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |