Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасы.
Химиялық зертханада жұмыс істегенде төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:
1. Алдын ала оқып, жұмыстың мазмұнымен толық танысу;
2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, құрал – жабдықтар мен реактивтерді дайындап, оқытушыдан рұқсат алғаннан кейін жұмысты бастауға болады;
3. Жұмыс ретін және барысын нұсқаулық бойынша жүргізеді;
4. Тәжірибе барысындағы өзгерістерді мұқият бақылап, жұмыс орнын таза ұстау;
5. Тәжірибе нәтижесін арнайы жұмыс дәптеріне жазу;
6. Дәптерге күні, айы, тақырыбы, жұмыс барысы (сызбанұсқа немесе құрал суреті), байқалған құбылыстар, реакция теңдеулері, есептеулер және қорытындылар жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |