Химиядан ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері туралы теориялар мен идеялар және әдістемелік көзқарастар



бет6/7
Дата17.03.2023
өлшемі31,21 Kb.
#75225
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сож 7 (копия)

Қорытынды
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам кашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет — қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атауының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандыкты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана коймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, XXI ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылык қабілеттерін дамыту.
Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық. Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата — ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс жазуға, зерттеу, ізденіске бара алмайды. Ол үшін мұғалімнің көмегі, ақыл- кеңесі қажет.
Ғылыми жүмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.Сондықтын мектеп ішінен іріктеп алған дарынды оқушыларымызбен ғылыми — зерттеу жұмысын жүргізуді үйреткен шакта бірінші — теориялық әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- пайым шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру, талдау жасауды үйрету. Екінші -дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып, оны шеше білу. Үшінші — жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау әдістерін үйрету.
Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ал оны қорғау да өте күрделі мәселе. Сонымен қатар, әр оқушы ғылыми жұмыстарды жазғанда күнделік жүргізгені дұрыс.
Осыған орай, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын жандандыру — үлкен міндет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет