Алюминий гидроксиді, химиялық формуласы Al(OH)3 . Алюминий гидроксиді суда ерімейтін әлсіз амфотерлі негіз. Сондықтан ол негіз және қышқыл сияқты диссоциацияланады.
Алюминий оксиді , глинозем, Al2O3 – алюминийдің оттекпен қосылысы. Ол түссіз, суда ерімейтін кристалдық зат, тығыздығы 3,96 г/см3, балқу t 2050°С. Табиғатта жақұт (корунд), лағыл (рубин), көк жақұт (сапфир) деп аталатын минерал түрінде кездеседі. Корунд – қаттылығы бойынша алмастан кейінгі екінші минерал. Лағыл мен сапфир асыл тастар қатарына жатады.
Алюминий қосылыстары: Al2O3 суда ерімейтін, ақ түсті кристалды зат. Амфотерлі қасиет көрсетеді. Ол корунд д.а. Минерал түрінде кездеседі. Қоспасы көп корундты наждак д.а. Құрамында Cr2O3 бар, қызыл қоңыр түсті корундтің түрі рубин д.а. Алюминий оксиді суда ерімейтіндіктен, Al(OH)3-ін алюминий тұздарына эквивалентті мөлшердегі сілтімен әрекет ету арқылы алады:
Al2(SO4)3+6NaOH=2Al(OH)3+3Na2SO4
Алюминий гидроксиді суда ерімейтін әлсіз негіз. Ол амфотерлік қасиеттері болғандықтан әрі қышқылдарда, әрі сілтілерде ериді: Al(OH)3+3HNO3=Al(NO3)3+H2O
Al(OH)3+3KOH=K3- [Al(OH)6]
Алюминий гидроксидін сілтілермен қосып балқытқанда орта-алюминаттар немесе металлалюминаттар түзіледі
Al(OH)3+3KOH=K3AlO3+3H2O
Al(OH)3+KOH=KAlO2+2H2O
Алюминий тұздары түссіз болады , өйткені олардың құрамына кіретін алюиминий катионының түсі болмайды, тұздары суда жаксы ериді және судағы ерітінділерінде гидролизденеді
Алюминий катионы мен әлсіз қышқылдардың тұздары толықтай гидролизденіп , алюминий гидроксидімен сәйкес қышқылдар түзеді
Al2S3+6H2O= 2Al(OH)3+3H2S
Al(CH3COO)3+ 3H2O= Al(OH)3+ 3 CH3COOH
Алюминийдің практикалық маңызы бар тұздарына алюминий хлориді алюминий сульфаты Al2(SO4)3* 18H2O және алюминий ашудастары Kal(SO4)2*18H2O жатады
Достарыңызбен бөлісу: |