Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу


Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары



бет11/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
1.2 Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.


Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - казіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, түлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялык-педагогикалық бағыттағы непзп ой-түжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқьш білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, акыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен акыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялык ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласьшдағы оқытудың озық технологияларын меңгер-мейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны мең-геру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің калыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздейді [16].
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық /оқыту/ технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әр түрлілік басым.
Технология - искусство, ремесло, мастерство, учение - деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
"Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы", - деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.
Педагогикалық технология -педагогикалык мақсатқа жету үшін пайда-ланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. /Кларин М.В./
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі /Монахов В.М./ [17].
Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. /Чошанов М/
Педагогикалык технология - практикада іске асыры-латын педагогикалык жүйенің жобасы /Беспалько Б.П./ [18].
Ал, педагогикалык жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалык әсерді ұйымдастыруға қажет қүралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде накты жүйе кызметін аткарады /Селевко Г./
Педагогикалык технология ұғымы үш деңгейде қолданылады
Жалпы педагогикалық педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмі кіреді.
Салалық /пәндік/ - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен қүралдар жиынтығы.
Локальдік /модулъдік/ - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалып-тастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының техноло-гиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; кайталау және бақылауды үйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты үйымдастыру технологиясы.
Салалық /пәндік/ және локальдық /модульдік/ деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылык технологияда процессуалдық өлшемдік, сапалык және вариативтік - бағдарльщ компоненттерге басым көңіл бөледі [19].
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет