Химиялық Үдерістер туралы ілім



бет6/9
Дата03.04.2022
өлшемі113,68 Kb.
#29713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 5

H2(г)+ 0,5О2(г)+ H2O(с) = H2O(г) + H2(г) + 0,5O2(г) + 241,83 кДж - 285,84 кДж

H2O(с) → H2O(г)- 44,01 кДж (12)

Судың үш агрегаттық күйде болатынын барлығымыз білеміз, бір күйден екінші күйге ауысқанда жылу эффектілері байқалады. Мына өзгерісті қарастырсақ:

Мұз → Су → Бу (Q<0)

Осы бағыттағы өзгеріс эндотермиялық үдеріске жатады, ал кері бағыттағысы-экзотермиялық (Q>0).

Төртінші салдары

Реакцияның жылу эффектісі реакция нәтижесінде түзілген заттардың түзілу жылуларының қосындысынан(коэффициенттерін ескере) реакцияға қатысқан заттардың түзілу жылуларының қосындысының (коэффициенттерін ескере) айырымына тең болады.

AnBm + nmCD=nADm + mCnB+Qp

Qp = [nQтүзілу(ADm) + mQтүзілу(CnB)] - [Qтүзілу(AnBm) + mnQтүзілу(CD)] (5.3)

Ал, осыны нақты мысал негізінде қарастырайық:

2C2H2(г) + 5O2(г) = 4CO2(г) + 2H2O(г) + Qp

Qp=[4Qтүзілу(CO2) + 2Qтүзілу(H2O)] – [2Qтүзілу(C2H2) + 5Qтүзілу(O2)];

Мұнда Qтүзілу(O2)=0,болғандықтан реакцияның жылу эффектісін былай жазуға болады:

Qp = 4Qтүзілу(CO2) + 2Qтүзілу(H2O) – 2Qтүзілу(C2H2).

Qp = 2511,2 кДж.

Осы салдарды пайдаланып, арифметикалық амал қолданып, егер реакцияның жылу эффектісі белгілі болса, түзілу жылуы белгісіз заттыкін есептеп шығаруға болады.

Қарастырылған мысалда ацетиленнің түзілу жылуынан басқа мәліметтер белгілі болса, оның түзілу жылуы мына формуламен анықталады:

Qтүзілу(C2H2) = [4Qтүзілу(CO2) + 2Qтүзілу(H2O) – Qp}/2.

Заттың түзілу жылуының мәні оның тұрақтылығы туралы мәлімет береді.

Көпшілік заттардың, әсіресе молекула құрамы екі элементтен артық күрделі қосылыстар синтездік жолмен алынбайтыны белгілі, сондықтан ондай заттардың түзілу жылуларының мәнін анықтау үшін осы Гесс заңының салдарын пайдалануға болады.

Мысалы:

СаО + СО2 = СаСО3 + 178 кДж

QткДж/моль 635,5 393,5 х

Qр = Qт(СаСО3) - Qт(СаО) + Qт(СО2) => Qт(СаСО3) = Qр + Qт(СаО) + Qт(СО2)

Qт(СаСО3) = 178 + 635,5 + 393,5 = 1207 кДж/моль

Көп жағдайда әртүрлі есептеулер жүргізу барысында осы заңның салдары қолданылады.

Заттың түзілу жылуының таңбасы және оның абсолюттік мәнін салыстыру арқылы қай қосылыс кәдімгі жағдайда тұрақты, ал, қайсысы тұрақсыз екендігін болжау мүмкін болады.

Кесте 5.2 V.A топшасы элементтерінің гидридтерінің түзілу жылулары

Зат формулалары

NH3

РH3

AsH3

SbH3

Qтүзілу, кДж/моль

+46,15

-12,96

-66,38

-145

тұрақтылығы

артады


Бұл заттардың ішінде тек аммиак экзотермиялық қосылыс, яғни бұл заттың

1 молі түзілгенде 46,15 кДж бөлінеді, олай болса, оны ыдырату үшін осынша энергия жұмсауды қажет етеді.Ал, қалған гидридтер эндотермиялық болуына байланысты олардың беріктілігі аммиакқа қарағанда төмен.

Олай болса, осыдан шығатын қорытынды, заттың түзілуі экзотермиялық үдеріс болса, сол қосылыстың беріктілігі жоғары болатыны көрініп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет