Кейбір заттардың стандартты түзілу энтальпиясы (кДж/моль)
Мысалы, фосфор үшхлоридінің түзілу энтальпиясы – келесі реакция нәтижесінің өзгеру энтальпиясы:
Кестедегі мәліметтерді талдай отырып, келесідей мәліметтерді байқауға болады, түзілу энтальпиясы абсолют шамасы бойынша да, таңбасы бойынша да айырмашылықтары үлкен болады. Энтальпия таңбасы оң мәнді болатын қосылыстарды кейде эндотермиялық деп атайды. Мұндай қосылыстардың байланыс энергиясы молекулаларындағы бастапқы жай заттардың байланыс энергиясынан аз болады. Оларды жай заттардан синтездеу (Cl2O, NO2) мүмкін емес, немесе үлкен энергетикалық шығынмен жүреді (О3, NO).
Газ тәрізді металдардың түзілу энтальпиясы нөлге тең емес және қатты күйден газ тәрізді күйге ауысу энтальпиясын көрсетеді, яғни булану энтальпиясын (атомизация). Гидратталған ионның Н+ түзілу энтальпиясы нөлге тең:
Н+(г) + aq = Н+(ерітінді)
Басқа гидратталған иондардың түзілу энтальпиясын осы шамамен салыстырмалы есептейді.
Реакцияның барлық бастапқы заттарының және өнімдерінің түзілу энтальпияларын біле отырып, стандарттық жағдайдағы кез-келген реакцияның энтальпия өзгерісін келесі формуламен есептеуге болады:
(1.10)
1.5 сурет. Түзілу энтальпиясын қолданып реакцияның энтальпия өзгерісін есептеуге болатын энтальпиялық диаграмма
|
Мұндағы - реакция теңдеулеріндегі стехиометриялық коэффициенттер; j – бастапқы заттар; i – реакция өнімдері.
Энтальпиялық диаграмма (1.5 сурет) (1.10) теңдеудің термодинамиканың бірінші заңы мен Гесс заңына сәйкестігін дәлеледейді. Осы теңдеудің негізінде газтәрізді аммиактың хлорсутек қышқылының ерітіндісімен әрекеттесу реакциясының энтальпия өзгерісін есептеуге болады:
|
тең болатындығын ескере отырып:
Достарыңызбен бөлісу: |