§5 Реакциялардың жүру механизмдері
Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакцияға қатысқан және түзілген заттардың құрамы туралы ғана білеміз. Оның жүру механизмін анықтау арнайы зерттеуді талап етеді. Реакция жүргенде қатысқан зат молекуласына бірден айналмайды, ол үшін бірнеше сатыдан өтеді.
Әрекеттесуші заттардың табиғатына және реакциялардың жүру жағдайларына қарай оның элементар актісіне әртүрлі бөлшектер: молекулалар, иондар, бос радикалдар, активті кешенді қосылыстар т.т. қатысуы мүмкін.
Күрделі реакцияларды үшке бөледі: а) параллель, ә) тіркес, в) қатарлас.
Параллель реакцияларда оған қатысатын зат біреу де, өнімдері әртүрлі болады:
Тіркесреакциялар бірнеше сатыдан кейін ғана соңғы өнімге жетеді.
Тіркес реакциялардың әр сатысы әртүрлі жылдамдықпен жүреді, реакция жылдамдығы ретінде оның жылдамдығының аз мәні алынады, реакцияның ондай сатысын лимитирлеуші сатысы деп аталады.
Қатарлас реакцияларда бір мезгілде жүретін реакциялардың біреуі екіншісінің жүруіне себепші болады.
Химиялық үрдістерді молекула-кинетикалық теория тұрғысынан қарастырсақ, реакция механизмін үшке бөледі: молекулалық (жай реакциялар), иондық, радикалды. Бұл үш түрлі механизммен жүретін реакциялардың бір-бірінен айырмашылығы активтендіру энергиясында және реакцияның элементар актісіне қатысатын бөлшек табиғатына байланысты.
Осы үш механизммен жүретін реакциялардың активтендіру энергиясын салыстырып, былай жазуға болады:
ЕА(молекулалық) > Еа(иондық) > Е(радикалдық)
Сондықтан соңғы механизмен жүретін реакция тізбекті реакция өте жылдам өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |