Химия табиғаттың құпия сырларын,бүкіл әлемдегі заттардың құрамы мен құрылысын,олардың бір-біріне айналуын зерттейтін жараталыстану ғылымдарының бірі.Жаратылыс дейтініміз-бізді айнала қоршаған материялық дүние..Материялық дүние адам баласының сана-сезімінен тыс,оған тәуелсіз өз бетімен жасап тұрған объективтік болмыс,…«материя дейтініміз,ол біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы түйсік туғызушы және бізге түйсік арқылы берілетін объективтік болмыс».Материя-әрдайым қозғалыста болады.Қозғалыс материяның бар екендігің түрі.Еш жерде ,еш уақытта қозғалыссыз материя болған емес…».(Ф.Энгельс).
Химияның ғылыми негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов.Химия ғылымында жүздеген заң,теория,қағидалар бар,бірақ бұлардың барлығы кейін ашылған,ал Ломоносов өзі химияның тұңғыш заңы,қай жағынан қарағанда да ,өте маңызды заңы-материяның сақталу заңын ашқан.
Химиялық байланыстардың энергетикалқы сипаттамалары,құрылыстарының арасындағытәуелділікті және заттардың реакциялық қабілеттілігін қарастыру ,химиялық реакциялардың механизмі мен жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін зерттеу-химичның ең басты мәселелерінің бірі болып табылады. Химиялыө реакцияны толық түсіну үшін оның белгілі бір уақыт ішіндегі өту заңдылықтарын,яғни оның жылдамдығы мен детальді механизмін білу қажет.Химиялық айналымдардың жылдамдығын мен механизмдерін зерртейтін химияның ерекше бөлімі химиялық кинета деп аталады . Ферментативті катализ, биокатализ - фермент немесе энзим деп аталатын катализатордың катысуымен организмде химмялық реакциялардың жылдамдығының артуы. Ферментативті катализді адамдар мыңдаған жылдар бойы "катализ"ұғымы пайда болғанға дейін қолданған. Сүт-қышқыл өнімдерін, ірімшікті, қамырды, шарапты, бояғыштарды және басқа өнімдерді дайындау ферментативті процестерді қолдануды қамтыды. Бұл процестердің технологиясы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, эмпирикалық түрде жетілдірілді. Ферментативті катализ өмірдің эволюциясында және күрделі биологиялық жүйелердің (соның ішінде адамның) пайда болуында маңызды рөл атқарды деп саналады
Негізгі бөлім
Химиялық кинетика саласында әрбір реакция жыл-дамдығы және оған әсер етуші концентрация, қысым, температу-ра, катализатор, реакция жүретін орта (еріткіш) мен реакцияға түсетін заттардың табиғаты қарастырылады.
Химиялық реакциялар жылдамдығы түрліше болуы мүмкін. Мысалы, қопарылыс секундтың мыңнан бір бөлігіндей мерзімде жүрсе, ал кейбір реакциялар бірнеше сағат, тәулік, жыл, ғасыр-лар бойына жүреді. Айталық, кәдімгі темір құрғақ ауада ұзақ уақыт таттанбайды. Ал енді осы темірдің бір бөлігін ылғалды ауада ұстаса бір тәулікте, суға салса бірер сағатта-ақ тотықтана-ды. Сол сияқты тау жыныстары мен топырақ құрамындағы реак-циялар ондаған жылдар бойында жүрсе антірацит, мұнай, газ, кө-мір сияқты заттар бірнеше ондаған, жүздеген ғасырлар бойында жүретін күрделі химиялық реакциялар нәтижесінде пайда бо-лады.
Әр түрлі технологиялық процестердің өнімділігі мен ондағы қолданылатын қондырғылардың түрі, өлшемі, кейбір биология-лық не биотехнологиялық процестердің, тыңайтқыштар мен дәрі-дәрмектердің тірі организмге әсері, тағы да көптеген қүбылыс-тар химиялық реакция жылдамдығына байланысты.
Химиялық реакцияларды бір-бірінен ерекше сипатымен ғана өзгешеленетіндей бірнеше топшаларға бөлуге болады. Мысалы, ортаның агрегаттық қүрамына орай газды фазадағы реакциялар; ерітінді (сұйық) күйінде жүретін реакциялар; қатты ортада жүретін реакциялар болып топтасады.
Реакция жүретін ортаға сәйкес бөлінеді :
Гомгенді
Мысал ретінде су мен спирт бола алады
Гетерогенді
Балшық пен құм мысал ретінде келтіруге болады
Ферментативті катализ
Ферментативті катализ
Ферменттер ( знзимы) – биологиялық катализаторлардың бірегей қасиеттері бар: бір реакция орталығына есептегенде жоғары өнімділік және әрекеттің ерекшелігімен байланысты селективтілік. Ферменттер өте жұмсақ жағдайларда, атмосфералық қысымда және 40-қа дейінгі температурада жұмыс істейді. Мысалы, уреаза ферменті басқа амидтерге назар аудармай, тек мочевина молекулаларын гидролиздейді және оны әдеттегі қышқыл катализаторларына қарағанда әлдеқайда тиімді етеді
Фермент глобулярлы ақуыз болуы мүмкін, оның белсенді орталығында осы ақуыздың аминқышқылдарының қалдықтарын құрайтын функционалды топтар жиналады. Басқа жағдайларда белсенді орталыққа ақуыз тізбегімен тығыз байланысты протездік топ (мысалы, липой қышқылы) немесе әлсіз байланысқан кофермент (мысалы, АТФ) кіреді. Фермент жалпы холофермент деп аталады, ал коферментті алып тастағаннан кейін не қалады - апофермент.
Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстратпен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді.