3. Әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизденеді. Бұл жағдайда гидролиз реакциясы соңына дейін жүріп,қышқыл мен негіз түзіледі. Яғни гидролиз реакциясы қайтымсыз болады:
Al2S3 +6H2O—2Al(OH)3+3H2S орта бейтарап.
4. Күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды. Мұндай тұздардың иондары сумен әлсіз электролиттер түзе алмайды. Тұздардың иондары іс жүзінде реакцияға қатыспайды. Судың диссоциациялану тепе-теңдігі бұзылмайды, демек ерітінді нейтрал реакция көрсетеді. Сонымен гидролизге тек құрамында әлсіз электролит қалдығы бар тұздар түседі. Сондықтан күшті негіз бен күшті қышқыл қалдығынан түзілген тұздар гидролизге түспейді. Көп негізді қышқылдар мен көп қышқылды негіздерден түзілген тұздар гидролизге сатылап түседі. Бірінші сатысы көбірек жүреді. Саты саны катион мен анионның зарядына байланысты. Гидролизді жазғанда (сатылы гидролиз үшінде) үш теңдеу жазу керек: