Гидролиз- судың магма текті минералдармен негізгі химиялық реакциясы. Соның нәтижесінде сілтілік және сілтілік жер элементтерінің крисстал торындағы катиондар су молекуласы диссоциацияланғанда сутектің иондарына алмасады. Тұздардың гидролизі тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар.
Тұздардың гидролизі – тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар. Тұздар түзілу табиғатына карай мынадай топқа бөлінеді:
Күштi негiз бен күшті қышқылдан КСІ, K2S04, NaNO3, NaCl;
Күштi негiз бен әлсіз қышқылдан Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04;
Әлсiз негiз бен күшті қышқылдан Al2(SO4)3, FeSO4, ZnCl2.