Тұздар гидролизі теориялық бөлім



Дата26.09.2022
өлшемі26,14 Kb.
#40337
Байланысты:
зертханалық жұмыс 9


  1. ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ

    1. Теориялық бөлім

Тұздар гидролизі деп тұз бен су иондарының ерітіндіде әлсіз электролит ионын не молекуласын түзе жүретін алмасу реакциясын айтады.
Тұздар түзілу табиғатына қарай төртке бөлінеді.
Күшті негіз, әлсіз қышқыл тұзы.
К2S (КОН-күшті негіз, Н2S - әлсіз қышқыл).
К2S = 2К+ + S2-
НОН = Н + + ОН -

Тұз гидролизінің молекулалық теңдеуі.


К2S + НОН= КНS + КОН
Реакция нәтижесінде пайда болған қышқыл тұз ары қарай гидролизге ұшырайды, бірақ кәдімгі жағдайда бірінші сатысы ғана жүреді.

  1. А1С13 (Аl (OН)3 - негіз әлсіз, НС1 - күшті қышқыл.)

А1С13 = А13+ + 3 С1- НОН =Н+ + ОН- А13+ + НОН = (А1 ОН) 2 ++ Н+ орта қышқылдық рН<7 А1С13 + НОН = А1OНС12 + НС1

  1. Әлсіз негіз, әлсіз қышқыл тұзы.

Сг2 (СO3)3 Сг (OН)3 - әлсіз негіз, Н2СО3 - әлсіз қышқыл.
Сг2 (СO3)3 + НОН =Сг (OН)3 + Н2СО3 → СО2+ Н2О

Мұндай тұздар ерітіндіде түзілмейді, ортасы не әлсіз негіздік, не әлсіз қышқылық болады, ол бұл қосылыстардың диссоциациялану константасының мәніне байланысты.



  1. Күшті негіз, күшті қышқыл тұзы.

Na24 NaOН - күшті негіз, Н24 - күшті қышқыл)
Иондардын әсерлесуі әлсіз электролит ионын да, молекуласын да түзбейді, сондықтан мұндай тұздар гидролизге ұшырамайды.
Тұздардың гидролизі эндотермиялық, қайтымды процесс, олай болса, бұл үрдіске Ле-Шателье принципі бойынше зат концентрациясы және температура әсер етеді.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС «ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ»

    1. Тәжірибелік бөлім

Қажетті реактивтер мен жабдықтар: НС1: 0,1 моль/лNaOН: 0,1 моль/л, НNO3 конц., Ві (NO3)2 - 0,1 М, CH3COOH - 0,1 М, дистилденен су, индикатор. Кристалдары: Na3РO4, NaС1, А12(SO4)3, NН4С1, универсал индикаторлар қағазы, сынауықтар.
Тәжірибе 1. Индикаторлар түстерінің электролиттердегі өзгерісі Тәжірибенің орындалуы
Үш сынауыққа а) дистилденген су сілті ерітіндісін б) қышқыл ерітіндісін құйып, индикаторлар ерітінділері және универсал индикатор қағаздарымен әсер етіп бақылап, оны кестеге жазындар.
Кесте - 1 Индикаторлардың түсінің өзгеруі



Реактив

Лакмус

Фенолфталеин

Метилоранж

1

Н2О

Көгілдір

Түссіз

Сары

2

Сілті

Көк

Малина түстес

Сары

3

Қышқыл

Қызыл

Түссіз

Қызыл

Тәжірибе 2. Тұздар гидролизі


Тәжірибенің орындалуы
Зертханадан ерітінді ортасы: а) негіздік б) қышқылдық в) әлсіз қышқылдық не әлсіз негіздік г) бейтарап ортаны көрсететін тұздар кристалдарын тандап, сынауықтардағы дистильденген суға салып, орталарын индикаторлар көмегімен анықтап, тұздар гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрындар.
Тәжірибе 3. Гидролиздің қайтымдылығы
Тәжірибенің орындалуы
а) концентрация әсері.
Сынауыққа висмут нитраты ерітіндісін құйып, тұнба түзілгенше дистилденген су тамшылатып байқап, гидролиздену тендеуін жазындар.
Түзілген түнбаға ерігенше концентрлі НNО3 ерітіндісін, соңынан су құйып байқап, бақылауларынды түсіндіріндер.
Тәжірибенің орындалуы
б) температура әсері.
Сынауыққа СН3СООNa ерітіндісін құйып, фенолталеин мен ортасын анықтап, гидролизденуінің молекулалық және иондық тендеулерін құрындар. Осы ерітіндінің бір жартысын салыстыру үшін пайдаланып, екіншісін қайнағанша қыздырып, түсінің өзгерісіне көңіл аударындар.

    1. Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

      1. Мына тұздардың қайсысы гидролизге ұшырамайды:

H3РО4, H24, H2S? Неліктен?

      1. Қай тұз гидролизденгенде ерітінді ортасы қышқылдық болады:

ҒеС13 , ҒеS, СuSО4, ШКО3?
9.3.3Қай тұз гидролизденгенде ерітінді ортасы негіздік болады:
А12S3, СuС12, К2S, К24, КNО3?

  1. Қай тұздың судағы ерітіндісін алуға болмайды:

ВаС12, (NН4)2S, NН43, А12(СО3)3?

  1. Гидролиз деген не?

    1. Жазба жұмыстары түрінде рәсімдеу

      1. Судың диссоциациясы, сутектік көрсеткіш.

      2. Тұздар гидролизі деген не?

      3. Қандай тұздар толық гидролизденеді?

      4. Қандай тұздар гидролизденбейді?

      5. Гидролиздену дәрежесі, константасы.

      6. Гидролиздену үрдісіндегі тепе-теңдікті ығыстыруға әсер ететін

факторлар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет