Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар Химиялық реакция жылдамдығы



Дата25.11.2023
өлшемі1,47 Mb.
#128013

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Химиялық реакция жылдамдығы


Бөлшектер мен соқтығысулар
Әрекеттесуші заттар табиғаты
Температура
Концентрация
Беттік аудан
Катализатор

Реакциялар, бөлшектер және соқтығысу

  • Энергияның белгілі бір мөлшері бар бөлшектер соқтығысқан кезде реакциялар жүзеге асады.
  • Бөлшектер реакцияға түсу үшін қажетті энергияның минималды мөлшері активтелу энергиясы деп аталады және әр реакция үшін әртүрлі болады.

Қандай факторлар реакция жылдамдығына әсер етеді?

  • Әрекеттесуші заттар табиғаты
  • Температураны жоғарылату
  • Еритін реагенттердің
  • концентрациясын

    жоғарылату

Қандай факторлар реакция жылдамдығына әсер етеді?

  • Газ тәріздес реагенттердің
  • қысымын жоғарылату

  • Қатты реагенттердің
  • беттік ауданын жоғарылату

  • Катализаторды қолдану

Температураның химиялық реакция жылдамдығына әсері

Температура жоғарлаған сайын реакция жылдамдығы артады. Көп реакцияда температураны 10 °C арттырғанда химиялық реакция жылдамдығы шамамен екі есе артады.


Неге температураны арттырғанда реакцияның жылдамдығы артады?
Температура жоғары болғанда, бөлшектер көбірек энергияға ие болады. Олар жылдамырақ қозғалады және басқа бөлшектермен соқтығысу мүмкіндігі көп болады дегенді білдіреді.
Бөлшектер көбірек энергиямен соқтығысады, сондықтан сәтті соқтығысулар саны артады.

Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері

Ерітілген реагенттердің концентрациясы жоғары болған сайын, химиялық реакция жылдамдығы артады.


Неге концентрацияны арттырғанда химиялық реакция жылдамдығы артады?
Концентрация жоғары болғанда, кеңістіктің сол аймағында бөлшектер саны көп болады. Бұл бөлшектер көбірек соқтығысады және көбірек реакцияға түседі дегенді білдіреді.
Концентрациясы жоғары
Концентрациясы төмен

Мырыш + күкірт қышқылы →

мырыш сульфаты + сутек

Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2↑


Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсері

Катализатор дегеніміз не?


reaction (time)
energy (kJ)
Катализаторлар химиялық реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция соңында бастапқы қалпын сақтап қалатын заттар.
Катализаторлар көп өнімді қалыптастырмайды, олар өнімнің сол мөлшерін, бірақ тез арада қалыптастырады.
Әртүрлі катализаторлар әртүрлі жолмен жұмыс істейді, олар реакцияның активтелу энергиясын төмендетеді.
Ea ката-
лизатормен
Ea ката-
лизаторсыз

Күнделікті катализаторлар


Көптеген катализаторлар ауыспалы металдар немесе олардың қосылыстары болып табылады.

Мысалы:

  • Nickel (никель) – маргаринді өндіру кезінде катализатор ретінде қолданылады. (сұйық өсімдік майын гидрлеу).
  • Platinum (платина) көліктердің газ шығаратын түтіктерінде түрлендіру үшін катализатор ретінде қолданылады. Көміртек монооксиді мен азот оксидін ауаны аз ластайтын көмірқышқыл газы мен азотқа түрлендіріп катализдейді.
  • Iron (темір) – азот пен сутектен аммиакты алу кезінде катализатор ретінде қолданылады (Габер үрдісі).

Өндірістегі катализаторлар


Сонымен қатар катализаторлар тірі ұяшықтар үшін табиғи болып саналады. Биологиялық катализаторлар протеиннің арнайы түрлері энзимдер деп аталады.
Неге катализаторлар өндіріс үшін аса маңызды?
  • Өнімдер тез жасалады, сол арқылы уақыт және қаражат үнемделеді.
  • Катализаторлар жоғары температураның қажеттілігін төмендетеді, сол арқылы отынды және қаражатты үнемдейді.

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Химиялық реакция жылдамдығы артады:

  • Химиялық белсенді заттар болу;
  • Реагенттердің концентрациясын арттыру;
  • Қатты және сұйық заттардың бетін жоғарылату;
  • Температураны арттыру;
  • Катализатордың қатысуы.

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Химиялық реакция жылдамдығы кемиді:

  • Химиялық белсенді емес заттар болу;
  • Реагенттердің концентрациясын азайту;
  • Қатты және сұйық заттардың бетін азайту;
  • Температураны төмендету;
  • Ингибитордың қатысуы.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет