“Оңтүстік Қазақстан педагогикалық Университеті”
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
Орындаған:Сағын Алия.
Қабылдаған:Кенжеев Бейбіт.
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі
Кейбір заттар оңай от алып жылу бөле әрекеттессе (бензин, керосин, газ, т.б.), кейбіреулері реакцияға түсу үшін үнемі қыздырып отыру керек болады.
Жылу бөле жүретін реакция экзотермиялық, ал сіңіре жүретіні эндотермиялық деп аталады (экзо - сыртқы, эндо - ішкі). Мысалы, тамақ пісіру осы үдеріске жатады. Жоғарыда қарастырылған оттегін алу реакцияларында бастапқы заттар (КМnO4, КClO3) қыздыруды қажет етеді.
Жылу эффектілері көрсетіліп жазылған реакция теңдеулері термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С + O2 = CO2 + 393 кДж (экзотермиялық қатты газ)
С + Н2O = CO+ Н2 - 132 кДж (эндотермиялык қатты бу газ)
Термохимиялық теңдеулер бойынша өндіріске қажетті жылу немесе бөлінетін жылудың шамасын анықтап, олардың мәндері бойынша реакциялардың жүрісін басқаруға болады.
Жылу эффектісі әрекеттесуші заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне байланысты, сондықтан термохимиялық теңдеулерде заттардың күйлері көрсетіледі. Мысалы, 1 моль су буы мен сұйық су түзілген кезде бөлінетін жылу шамасы әр түрлі:
Стандартты жағдайда (t=25°С, 101,3 кПа) жылу мөлшерлері әр түрлі болады екен. Зат массасының сақталу заңы сияқты энергия сақталу заңы да болады. Зат молекуласы түзілгенде қанша энергия бөлінсе, оны айыру үшін сонша жылу сіңіріледі:
Отынның түріне қарай (газ, сұйық, қатты) олар жанғанда бөлінетін жылудың шамасы да әр түрлі болады. Ол әрекеттесуші заттардың табиғатына, жанасу бетінің ауданына және қысымның шамасына (газ күйіндегі отындар үшін) тәуелді. Химиялық реакциялар тек жаңа заттар алу үшін ғана емес, энергия көзі ретінде де пайдаланылады.
Кейбір заттардың жануы кезінде көп мөлшерде жылу мөлшері бөлінеді, мысалы көмірдің жануы кезінде. Ал кейбір реакциялар кезінде сырттан жылу сіңіріледі.
Бұны химиялық реакциялардың жылу эффектісі деп атайды.
Экзотермиялық реакция
Экзотермиялық реакция - бұл жылу бөлінетін химиялық реакция.
Ағаштын, көмірдің, газдың, спирттін, т. с. с жануы экзотермиялық реакциялардың мысалы бола алады.
Эндотермиялық реакция
Ал реакция аяғына дейін жүруі үшін, сырттан жылуды қажет болса, бұндай реакциялар эндотермиялық деп аталады.
Эндотермиялық реакция сырттан жылуды қажет ететін реакция.
Термохимиялық теңдеу
Әрбір химиялық реакция өткенде, жылу бөлінеді не сырттан сіңіріледі. Осы жылу мөлшерін реакция теңдеуінде көрсете аламыз. Мысалы бір моль көмір жаңғанда 402,24 кДж жылу бөлінеді:
C + O2 = CO2 + 402,24 кДж
Бөлінген жылу мөлшері химиялық реакцияға түскен заттың мөлшеріне және сыртқы ортаның температурасына байланысты, химияда заттың өлшем бірлігі моль екенің білесіндер, ал температураның стандартты деңгейі термохимиялық процестерде +25 С0 деп алынған.
Термохимиялық теңдеу бұл реакцияға түскен бір моль заттын жылу эффектісі көрсетілген теңдеу.
Жылу бөле жүретін реакция- экзотермиялық реакция деп аталады. «Экзо» гректің «сыртқа» деген сөзі. Жылудың реакция жүріп жатқан ортадан,сыртқы қоршаған ортаға бөлініп шығатынын білдіреді.Реакция аяғына дейін жету үшін үнемі қыздыруды қажет ететін реакциялар бар.
Жылу сіңіре жүретін реакция- эндотермиялық реакция деп аталады. «Эндо» гректің «ішке» деген сөзі. Жылудың сырттағы қоршаған ортадан реакция жүріп жатқан ортаға берілетінін білдіреді.Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері реакцияның жылу эффекті деп аталады.Жылу мөлшері джоуль (Дж) немесе килоджоуль(кДж)арқылы белгіленіп,калориметрмен өлшенеді.(физика курсынан білеміз) Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды Q («ку»)әрпімен белгілеп реакция теңдеуін былай өрнектейміз.
С+О2→ СО2+Q (жылу бөліну)
S+О2→SО2+Q(жылу бөліну)
N2+О2→ 2NО-Q (жылу сіңірілу)
2НgO→ 2Hg-Q (жылу сіңірілу)
Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады.
С+О2→ СО2+402,24 кДж
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады.Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңірілді.Жылу эффекті температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді.Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды.
Химиялық реакцияның жылу эффектінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді:
1)әрекетесуші заттардың табиғатына;
2)температураға;
3)реагенттердің мөлшеріне;
4) реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне байланысты болады
Достарыңызбен бөлісу: |