Лабораториялық жұмыс
Тұз қышқылын бейтараптау әдісі арқылы анықтау
Бұл лабораториялық жұмыс бейтараптану реациясына негізделген, жұмыс 4 бөліктен тұрады.
1.Натрий гидроксиді ерітіндісін дайындау
Қатты сілті құрамында су және карбонаттар болғандықтан, оның дәл концентрациялы ерітіндіні дайындау мүмкін емес. Натрий гидроксиді ерітіндісің дайындау үшін төмендегі формуламен есептелген массаны таразыда өлшеп, воронка арқылы құрғақ таза 250 мл-лік құтыға салып үстіне өлшеуіш цилиндірмен өлшенген дистилденген су қүйылады.
Формула:
Мұнда: С(NaОН)– күйдіргіш натрий концентрациясы, моль/л;
V – колба көлемі, мл;
М (NaОН) –молярлық масса, г/моль
Дайындалған ертідіні мұқият араластырып, тығынмен жауып қояды.
Берілгені:
С(NaОН)=0,118 моль/л
V=200мл
Т/б:m-?
Формула:
Шешуі:
Жауабы:0,944 г
2. Қымыздық қышқыл ертіндісін дайындау
Қымыздық қышқыл ертіндісін дайындау үшін аналитикалық таразымен (0,0001 г. дәлдікпен) есептелінген массаны өлшеп алады. Массаны мына формула бойынша есептейді:
Оны воронка арқылы өлшеуіш колбаға салып, өлшеген бюксты дистилденген сумен шайқап, колбаның ортасына дейін су құйып ерітеді. Қымыздық қышқыл толық еріген соң колбадағы судың көлемін белгіге дейін жеткізеді.Колбаның аузын бармақпен жауып тұрып аударып-төнкеріп араластырады. Осы даярланған қымыздық қышқылдың стандартты ерітіндісі. Енді осы ерітінді бойынша NaОН-тың дәл концентрациясын анықтайды.
Берілгені:
С
V=50мл
Т/б:m-?
Шешуі:
М=
m=
Жауабы:
m=0.372г
3. Күйдіргіш натрий ерітіндісінің концентрациясын анықтау
Күйдіргіш натрий ертіндісінің концентрациясы қымыздық қышқылының стандарт ерітіндісі арқылы анықталады. Ол үшін бюреткаға құйдіргіш натрий ертіндісін нольдік белгісіне дейін толтырады.
Даярланған қымыздық қышқыл ерітіндісінен пипеткамен 10 мл-ден үш титрлеу колбасына аликвотын алады. Әр колбаға 2-3 тамшы фенолфталеин индикаторын тамызады. Колбадағы ертіндіні (H2С2O4) бюреткадағы ерітіндімен (NaОН) жайлап титрлейді, титрлеуді баяу жүргізеді. Колбадағы қымыздық қышқылының түсі әлсіз қызғылт (розовый) түске боялған кезде титрлеуді аяқтайды. Титрлеу 3-рет жүргізіледі.Титрлеу нәтижесін төмендегі кестеге толтырады. Жұмсалған титранттың көлемін үтірден кейін екі санға дейін анықтау қажет.
№
|
V(H2C2O4), мл
|
V(NaOH),мл
|
1
|
5,0
|
6,7
|
2
|
5,0
|
6,8
|
3
|
5,0
|
6,8
|
V орта = 6,76 мл
|
3-рет титрлеуге кеткен көлемнің орта мәнін есептеп формулаға қояды. Күйдіргіш натрий концентрациясын және титрін мына формуламен есептейді.
Мұндағы - - пипетка көлемі, мл
C(NaOH)=
Достарыңызбен бөлісу: |