Шикізат ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалану.
Химиялық айналулар стехиометриясы.
Гомогенді катализ. Гомогенді химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Шикізатты дайындау және оны байыту жолдары.
Химиялық реакциялардың тепе-теңдігі. Тепе-теңдікке әсер ететін факторлар.
Гетерогенді катализ. Гетерогенді процестердің диффузды кезеңдері.
Мұнайды қайта өңдеу: крекинг, реформинг және платформинг.
Химиялық тепе-теңдікті ығыстыру тәсілдері.
Судың кермектілігі. Кермектілікті жою әдістері.
Аса маңызды мұнай өнімдері және оларды қолдану салалары.
ХТҮ кинетикасы.
Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы процестердің өтуіне әсер ететін факторлар.
Минералды тұздар өндірісі. Мысал келтіріңіз
1) Егер 18 сағ. барысында 168 т күкірт (IV) оксиді тотығатын болса, мұнай өңдеу зауытындағы күкірт қышқылы өндірісінің контактілі аппаратының өнімділін (кг/сағ.) есептеңіз. Күкірт оксидінің күкірт (VI) өзгеру дәрежесі 95% құрайды.
2) Егер 1 л суда 0,292 кг магний гидрокарбонаты және 0,225 кг кальций гидрокарбонаты болса, онда судың жалпы кермектілігі нешеге тең?
3) 275 л судағы 5 ммоль/л карбонатты кермектілікті жою үшін кальций гидроксидінің қанша мөлшері керек?
4) Егер 8 сағатта 99%-дық 60 000кг аммиак өндірілсе, 100%-дық аммиакты алу үшін аммиак синтезі колоннасының жылдық өнімділігін есептеңіз?
5) Егер 1 т этил спирті үшін этиленнің шығындық коэффициенті 0,78т болса, онда көп реттік циркуляция жағдайында этиленнен алынған этил спиртінің шығымын есептеңіз.
6) Қуаттылығы 380 мың т/жыл болатын күкірт қышқылы өндірісінің қондырғысының құны 18 000 000 теңге. Үлесті капиталды шығынды есептеңіз
7) Температураның артуына байланысты реакцияның жылдамдық константасы келесідей өзгереді: ; =2.76* ; ; =137,4* . Химиялық реакцияның жылдамдық константасының температуралық коэффициентін табыңыз.
8) Ацетиленнен кальций карбидін алуға арналған аппараттың өнімділігі – 420 т/тәул. Ал қарқындылығы – 1750 кг/м3*сағ. Аппараттың көлемін есептеңіз.
9) Егер реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең болса, ал температураны 40-дан 60 -қа көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңіз.
10) S2(қ) + 4H2O(г)=2SO2(г) + 4H2(г) реакциясының стандартты жағдайдағы (Т=298К) Гиббс энергиясының өзгерiсiн анықтаңыз, егер кДж/моль, ал Дж/мольК.
11мод) CaCO3(қ)= CaO(қ) + CO2(г) реакциясының 560К температурадағы U0-ң шамасын есептеңiз. Бұл реакцияның осы температурадағы Н0=49,32 ккал/моль, ал R=1,98710-3 ккал/мольК.