Химиялық технологияғА ҚЫСҚаша тарихи шолу


Химиялық өндірістің экономикалық тиімділігі



бет4/7
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107285
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ОХТ

Химиялық өндірістің экономикалық тиімділігі
  • Капиталдық шығын
  • Өзіндік құн
  • Еңбек өнімділігі
  • Капиталдық шығын - кәсіпорынды немесе цехтың құрылысын салуға жұмсалған барлық шығынның қосындысы. Барлық жағдайда жұмсалған шығынның мөлшері неғұрлым аз болуына ұмтылу керек.

Меншікті капиталдық шығын капиталдық шығынға қарағанда көрнекті көрсеткіш болып табылады, ол цехтың қондырғыларының жалпы құнын, олардың жылдық қуаттылығына бөлгенге тең болады.
мұндағы: Р-меншікті капиталдық шығын, тг* жыл/т
К-капиталдық шығын, теңге
W-қондырғының қуаттылығы, т . жыл-1
  • Өзіндік құн. Кәсіпорынның өнімді дайындауға және тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды. Ал кәсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады.

Өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны келесі негізгі шығындардан құралады
Химия өнімінің өзіндік құнының құрылымы

Шығын баптары

Өзіндік құндағы үлесі, %

Шикізат және негізгі материалдар

57,0

Көмекші материалдар

6,6

Отын

1,6

Энергия

8,1

Жалақы және сақтандыру

11,9

Құрал-сайман (жабдық) амортизациясы

11,0

Басқа шығындар (цех, зауыт шығындары)

3,8

Барлығы

100

Өндірістік агрегаттың бірлік қуаттылығымен өзіндік құн арасындағы тәуелділік мына теңдеумен өрнектеледі:
мұндағы: S-өзіндік құн, тенге*т-1, Q-цехтың қуаттылығы, тенге*жыл-1,
m, n-коэффициенттер, n=-0,2ден-0,3 дейін.
  • Еңбек өнімділігі - жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері.

  • Меншікті капиталдық шығын, өзіндік құн және еңбек өнімділігі негізінен өндірістің техникасы мен қондырғысының қуаттылығына байланысты. Қондырғының бірлік қуаттылығы артқанда көптеген химиялық өндірістер үшін еңбек өнімділігі 60-80% артады.
    Экономикалық көрсеткіштерді техникалық көрсеткіштер негізінде есептейді.
  • Эксплутациондық көрсеткіштер өндірісте жəне химиялық-технологиялық үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды. Үдерістің көрсеткіштеріне ауытқулардың əсерін эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды.
  • Беріктілікөндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады. Бұл көрсеткіш қондырғының дұрыс жəне сапалы жұмыс істеуіне тəуелді.

  • Жұмыс істеу қауіпсіздігі қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəне қондырғыларға əкелетін зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.

  • Сезімталдық өндірісті, қондырғыны пайдалану барысында ре-жимнің бұзылуына жəне пайдалану шартының өзгеруіне уақытында бақылау жасау. Бұл үдеріс көрсеткішінің болған жағдайға байланысты ауытқулар өзгерісінің қатынасымен анықталады.
  • Басқару жəне реттеу берілген шекте үдеріс көрсеткіштерін мүмкіндігінше қалыпта ұстауды сипаттайды. Бұл басқару параметрлері жəне олардың өзара əсерінің (басқару күрделілігі) үдеріс шартына өзгерісінің шамасымен анықталады.
  • Əлеуметтік көрсеткіштер өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын жəне оның қоршаған ортаға əсерін сипаттайды.
  • Қызмет көрсетудің зиянсыздығы газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі жəне т.б. талапқа сəйкес нормада болуын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қадағалау.

  • Автоматтандыру жəне механикаландыру дəрежесі өндірісті пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесін анықтайды
  • Экологиялық қауіпсіздік өндірістің қоршаған ортаға жəне орналасқан аймақтың экологиялық жағдайына əсер ету дəрежесін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет