Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-дің термодинамикасы және кинетикасы


Метанды судың буымен конверсиялау реакциясы жылуды сіңіре жүреді



бет5/6
Дата16.10.2023
өлшемі26,28 Kb.
#116024
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. ХтÒ

Метанды судың буымен конверсиялау реакциясы жылуды сіңіре жүреді.

CH4+H2O→CO+3H2-Q

бұл реакцияда система суығанда жылу беру керек, сонда тепе-теңдік оң жаққа, яғни өнім алатын жаққа қарай жылжиды. Сонымен қатар температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады. Мұны Ван-Гофф заңы дейді. Ван-Гофф заңы Ле-Шателье принципінің бір түрі.

Тепе-теңдікке қысымның әсері


  • Химиялық тепе-теңдікте тұрған заттардың ішінде газ күйіндегі заттар болса, онда тепе-теңдікке қысымның да әсері болады.

  • Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдікте тұрған системаның сыртқы қысымын арттырғанда тепе-теңдік системадағы молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына қарай ығысады. Реакция кезінде газ көлемінің өзгеруі әртүрлі мынадай үш түрлі процесті қарастырайық.

N2+3H2→2NH3

CH4→C+2H2

CO+H2O→H2+CO2


  • Бірінші реакция газдың көлемінің кемуімен жүреді, яғни қысымның азаюымен. Ле-Шателье принципіне сәйкес теңдікті солдан оңға қарай жылжыту үшін қысымды арттыру керек. Шындығында бұл процес 32,0МПа қысымда жүреді.

  • Екінші реакция көлемнің ұлғаюымен жүреді яғни теңдікті солдан оңға қарай ығыстыру үшін қысымды төмендету керек.

  • Үшінші реакцияға қысымның өзгеруі әсер етпейді, өйткені системаның көлемі өзгермейді.

Химиялық реакцияның жылдамдығы


  • Химиялық реакцияның жылдамдығы уақыт өлшемінде әрекеттесетін заттардың немесе түзілген өнімдерінің біреуінің зат мөлшері жүйенің белгілі бір көлемінде (гомогенді реакция) немесе фаза бетінің аудан бірлігінде (гетерогенді реакция) өзгеруін айтады.

  • Гомогенді реакция жүйенің бүкіл көлемінде жүреді:

{моль ∙л-1∙с-1}

мұндағы: ∆υ – реакцияның орташа жылдамдығы, моль/л · с;

∆ν(ню) – зат мөлшерінің өзгеруі, моль;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет