Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. Хтү-дің термодинамикасы және кинетикасы
Химиялық-технологиялық үдерістердің негізгі заңдылықтары. ХТҮ-дің термодинамикасы және кинетикасы.
Оқытушы: Милисова Н.Б.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова
Алматы, 2020
Инженерлік пәндер кафедрасы
Жоспар:
Химиялық-технологиялық үдерістегі химиялық реакциялардың жіктелуі.
Реакция тәртібі және молекулярлығы.
Химиялық айналулар стехиометриясы.
Химиялық реакциялардың тепе-теңдігі.
Тепе-теңдікті ығыстыру тәсілдері.
ХТҮ кинетикасы.
Өнеркəсіптік үдерістерде жүретін химиялық реакциялар əртүрлі. Оларды əртүрлі белгілері бойынша жіктейді.
Өнеркəсіптік үдерістерде жүретін химиялық реакциялар əртүрлі. Оларды əртүрлі белгілері бойынша жіктейді.
Реакцияны жүргізу жағдайы бойынша:
Химиялық реакцияның жіктелуі
Изотермиялық (Т=const) жəне изотермиялық емес (Т≠const );
Тұрақты немесе ауыспалы қысымда;
Адиабаттық (қоршаған ортамен жылу алмаспау) жəне адиабаттық емес (қоршаған ортамен жылу алмасу) реакциялар
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты:
Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
Гетерофазалы реакцялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Реагенттердің фазалық күйі бойынша гомогенді жəне гетерогенді реакциялар болып бөлінеді.
Реагенттердің фазалық күйі бойынша гомогенді жəне гетерогенді реакциялар болып бөлінеді.
Реакцияның гомогендігі жəне гетерогендігі белгілі бір дəрежеде, реакцияның қандай да бір фаза көлемінде немесе фазалардың бөліну бетінде жүру механизмін көрсетеді.
Реакцияның механизмі бойынша:
- қарапайым,
- параллельді
- кезектесіп жүретін реакциялар.
Химиялық реакциялар жылу эффектісі бойынша жіктеледі. Экзотермиялық реакция жүргенде жылу бөлінеді де (Q>0) реакциялық жүйенің энтальпиясы кемиді (∆Н<0). Эндотермиялық реакция жүргенде жылусіңіріледіде(Q<0), реакциялықжүйеніңэнтальпиясыартады(∆Н>0).
Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша:
- моно-, би- жəне үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді.
Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тəуелділігі) реакцияның реті бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің концентрацияларының дəреже көрсеткіштерінің қосындысы.