Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет9/45
Дата15.11.2023
өлшемі0,96 Mb.
#123837
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Басқару үдерістері – ағыстар жəне заттардың күйі, олардың

күйлерінің өзгерісі туралы ақпаратты алу жəне жіберу. Басқару
құрылғыларына датчиктер, сигналды жəне ақпаратты жүйелер, клапандар, вентилдер, автоматты реттеу жүйелері жəне т.б. жатады.

6. Технологиялық үдерістердің жылдамдығы. Технологиялық үдеріс жылдамдығын арттыру тәсілдері.
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды. Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:

  • негізгі химиялық үдеріс:

  • шикізатты дайындау

  • шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;

  • алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.

Технологиялық режим параметрлері деп қандай да бір аппараттың немесе оның жұмыс істеу режимін сипаттайтын жəне жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде қолданылатын шаманы айтады.
Параметр – сандық шама, сондықтан үдерісті сандық жағынан бағалау үшін қолданылады.
Негізгі параметрлері: температура, қысым, реагенттер концентрациясы, катализатор сипаттамасы, реагенттердің жанасу ұзақтығы, реагент ағысының көлемдік жылдамдығы, үдеріс жылдамдығы жəне т.б.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығы бірлік фазада (гомогенді реакциялар үшін) немесе фазалардың бөліну бірлік бетінде (гетерогенді реакциялар үшін) бірлік уақытта компоненттердің моль сандарының өзгеруі.
Технологиялық үдерістердің жылдамдығы толықтай кинетика заңдарына бағынады. Технологиядағы үдерістердің жылдам жүруі, қандай да бір аралық уақытта алынған реакция өнімдерінің мөлшері, күрделі аппараттармен реакторлардың типтерін дұрыс таңдауда жəне олардың конструкциялық өлшемдерін есептеу сияқты практикалық мəні бар. Алайда бұдан бөлек аса маңыздысы ол кинетика заңдары болып табылады.
Технологиялық үдеріс жылдамдығын арттыру тәсілдері:
-әрекеттесуші заттар көлемін төмендету(қатты заттарды ұсақтау)
-температураны жоғарылату
-қысымды жоғарылату
-катализатор қосу
-концентрацияны арттыру
-реагенттерді сұйық гомогенді оратаға енгізу (гомогенді ортада реакция тез жүреді)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет