Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет45/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Ағынды сулар

Амин қышқылдарының жіктелуі.
Алмастырылмайтын ( валин,лейцин изолейчин,триптофан,метионин,лизин.)
Асмастырылмайтын аминқышқылдары адам организмінде синтезделмейді, бірақ өмірлік маңызды заттар болып табылады.
• Олар тағаммен бірге ағзаға түсіп отыруы қажет.Жетіспеген жағдайда организмнің өсуі және дамуы тежеледі. • Олар тағаммен бірге ағзаға түсіп отыруы қажет.Жетіспеген жағдайда организмнің өсуі және дамуы тежеледі.
Асмастырылмайтын аминқышқылдарының тағамдықақуыздағы оптималды мөлшері адамның жасына,жынысына, кісібіне және басқа жағдайларға байланысты болады.
Шартты түрде алмастырылатын (аргинин жәәне гистидин)
Алмастырылатын ( аланин аспарагин,мерин,пролин,цистин.)
Асмастырылмайтын аминқышқылдары адам организмінде синтезделмейді, бірақ өмірлік маңызды заттар болып табылады.
Асмастырылатын аминқышқылдары адам
организмінде синтезделеді
30. Биотехнология. Тарихы және кезеңдері. Биотехнология дәрілік препараттар өндірісінде.
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. Биотехнологияның мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Биотехнологияның міндеттері:
- әр түрлі биотехнологиялық өнімдердің өндіріс сұрақтарын шешу және жаңа биотехнологиялық үрдістерді дамыту;
- энергияның альтернативтік көздерін алу; тағам өнімдерінің биотехнологиясы;
- биологиялық белсенді заттар және антибиотиктердің синтезі;
- қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу;
- микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлардың селекциялары
Биотехнологияның пайда болуымен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты:
1. Пастер ғасырына дейінгі эра (1865ж.). Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандаағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
2. Пастер ғасырлық кезеңі(1866-1940 жж.) – этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.
3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960 жж.) – тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтарлың микробиологиялық биотрансформациясы.
4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975 жж.) – микробты мунаттар көмегімен амин қышқылдарын өңдіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өадірістік қолдану. Канализацилық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.
5. Жаңа биотехнология кезеңі (1973 ж. бастап) – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау.
Алғаш рет биотехнология термині 1917 жылы К. Эреки шошқаларды қантты қызылшасымен қоректендіру кезінде, олардың өнімдерінің жоғарылауы, жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген. Ол: «Биотехнология – бұл шикізат материалдарынан, жануарлар организмдерінің көмегімен әртүрлі өнімдерді өндірумен жүретін жұмыстардың барлық түрі» - деп жазды.
Биотехнология Медициналық Ауылшаруашылық Өнеркәсіптіқ Экологиялық Тамақ Фармацевтикалық Женіл Иммунобиотехнология Ветеринариялық Энергетика Өсімдік т.басқа Биотехнология – ағзада іске асатын биохимиялық процестер мен олардың механизмдері түралы білімді негізіне алған индустриялық технология.
Биотехнология зерттеулері мен алынған нәтижелерінің 70%-тен астам фармацевтикалық және биомедициналық препараттарын алумен байланысады. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған медицинада пайдаланатын заттардың түрлері жыл сайын қарқынды кенейеді
Бірінші генді-инженериялық дәрі, генді-инженериялық әдіспен алынған рекомбинанты инсулин. Адам инсулинді кодтайтын генді бактерияға енгізіп ақуыздық дәрі препаратты өндірісте 1982 жылдан бастап көп мөлшерде алу мүмкіндік туды. Бірінші рекомбинанты вакцина В гепатитке қарсы жасалды. Қазірге күнде 100 астам рекомбинанты дәрі препараттар мен вакциналарды медицина пайдаланады. Бұл препараттардың тиімділігі жоғары, қаупсіздігі мен бағасы төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет