Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар



бет1/46
Дата03.12.2023
өлшемі226,76 Kb.
#133712
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Ағынды сулар


Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


  1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.

Химия өнеркəсібінің қарқынды дамуының ғылыми негізі технология болып табылады. Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым.Технология механикалық жəне химиялық технология болып екіге бөлінеді.

Механикалық технология шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың
құрамы жəне ішкі құрылыстары өзгермейтін, мысалы, ағаштан жиһаз,
металдардан машина жəне аппараттар, мақтадан, зығырдан, жүннен жіп, содан кейін мата жасау сияқты үдерістерді зерттейді.
Химиялық технология шикізатты химиялық өңдегенде жүретін
табиғаты жағынан күрделі химиялық жəне физика-химиялық
құбылыстарға негізделген үдерістерді қарастырады. Мысалы, табиғи
газ, мұнай, көмірді өңдеу нəтижесінде, бұларға құрамы мен құрылысы,
қасиеті жағынан ұқсамайтын – тыңайтқыш, пластмасса, химиялық
талшық жəне т.б. өнімдер алынады.
Зерттеу объектісі – химиялық өндіріс (бастапқы затты пайдалы өнімге дейін өңдеу әдістері мен үрдістері).
Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде Келесі технологиялық
компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты өнім және қалдықтар.
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.
Мақсатты өнім (R) - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім.
Аралық өнім (жартылай өнім) - өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім (S) – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет