Қатты-сұйық (Қ-С) жүйесі үшін үрдістер:
Көптеген химиялық өндірістер қатты және сұйық реагенттері қатысуымен жүретін үрдістерге – ерітілген заттардың қатты сіңіргіштермен адсорбция мен десорбциясы, ерітінділерден ерітуі және кристалдануы, балқымалардан балқытуы және кристалдануы, сұйық мономерлердің қатты полимерлерге полимерленуі, сұйықта қатты денелерді диспергілеу (шашырату) негізделген.
15.Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі.
Химиялық реактор деп химия-технологиялық үрдісті жүзеге асыруға арналған аппаратты айтады,яғни, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия-технологиялық процестер жүретін аппарат.
Мысалы, күкірт қышқылы цехының пеш бөлімшесінде реактор болып күкірт немесе колчеданды күйдіру пеші болса, контакт бөлімшесінде – жанасу аппарат болып табылады.
Химия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу үшін реакцияласатын заттардың концентрациясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардың жанасу ауданын өзгерту, катализатор активтілігін тұрақты күйінде сақтау әдістері қолданылады.Температуралық режимін жылу алмасу әдістері арқылы реттейді.
Атқаратын міндеттеріне сай және өтетін реакторлардың ерекшеліктеріне байланысты реакторлардың конструкциялары да алуан түрлі болады.
Жұмыс атқару ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:
Реагенттерді әкелу (периодты, үздіксіз, жартылай үздіксіз);
Реагенттердің қозғалуы(идеалды ығыстыру, идеалды араластыру);
Реакциялық аймақтағы (адибаттық, изотермиялық, политроптық (аралық)) болып жіктеледі.
Ал конструктивті ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:
Сыйымдылықты(емкостные) реакторлар;
Колонналы реакторлар(барботажды және насадкалы колонналар);
Жылу алмастырғыш типті реакторлар болып жіктеледі.
Реакторға дейін орналасқан аппараттардың негізгі міндеті – шикізатты реакцияға дайындау, ал реактордан кейін орналасқан аппараттың міндеті – реакцияның өнімдерін бөлу, оларды шоғырландыру немесе зиянды қосымшалардан тазарту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |