18.Бейорганикалық заттар өндірісі. Күкірт қышқылы өндірісі. Бейорганикалық дәрілік заттар және олардың медицинадағы маңызы жайлы жалпы мәліметтер. Бейорганикалық заттар — бұл көміртектен басқа химиялық элементтері бар молекулалар. Күрделі заттар: негіздер, қышқылдар және тұздар болып 3 класқа бөлінеді. Қышқылдар мен негіздер табиғаты қарама-қарсы заттар ретінде өзара оңай әрекеттесіп, тұздар түзуге бейім келеді. Б. з.-дың көпшілігі хим. өнеркәсібінің маңызды өнімдері болып табылады. Қазақстанда олардың көптеген түрлері, мыс., фосфор, хлор, оттек, сутек, көміртек, кремний т.б., түсті металдар (алтын, күміс, мыс, темір, мырыш, қорғасын, титан, ванадий, қалайы т.б.), бинарлы қосылыстар (кальций карбиді т.б.), металдық негіздер (сілтілер), аммоний гидроксиді (мүсәтір спирті), түрлі қышқылдар, тұздар, азот, фосфор, калий тыңайтқыштары, тотияйын, ашудастар т.б. заттар өндіріледі. Бейорганикалық заттар негізінен жер қыртысында пайда болады.
Таза күкірт қышқылы (100%) түссіз май тəрізді сұйық зат.
H2SO4 химия өнеркəсібінде ең көп өндірілетін реактив. Күкірт қышқылы активті жəне құны төмен болғандықтан, өнеркəсіп орындарында əртүрлі мақсатта қолданылады. Құрамында сутек жəне оттек бар органикалық қосылыстардан (клетчатка, қант) суды тартып алу үшін техникада пайдаланады. Минералдық тыңайтқыштар, металл өңдеу жəне қопарылғыш заттар өндірісінде көп қолданылады. Осы сияқты керосин, мұнай майларын коксохимия өндірісінің өнімдерін тазартуға (бензол, толуол), түрлі купоросты жасауда, бояу өндірісінде жəне т.б. қолданылады.
X ғасырда алғаш рет 940 л күкірт қышқылын табиғи купорос сланецімен темір купорос қоспасын қыздыру арқылы өндірген, осы себептен өндірісте техникалық купорос майы деп аталады.
XV ғасырда күкірт қышқылын камерада күкірт пен селитра қоспасын өртеу арқылы өндіре бастады. Осы әдісті «камера» немесе «нитроза» әдісі деп атайды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылын негізгі екі әдіспен өндіреді: контакталық (жанасу) және нитроза әдістері.
Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркәсіпте, алдымен күкірт ангидридін (SO3) алады. Өнеркәсіпте өндірілетін газ күкіртті ангидрид (SО2) күрделі қоспа, құрамында күкірт ангидридінен басқа: азот, оттек және т.б. қоспалар болады.