Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Антибиотиктердің жіктелуі. Алынуы



бет42/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ОХТ сессия

28.Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Антибиотиктердің жіктелуі. Алынуы.
Антибиотиктер - бұл антимикробтық биологиялық белсенділігі бар табиғи заттар. Олар микробтық клеткалардан, өсімдік және жануар тіндерінен бөлінеді. Антибиотиктер пигменттер, алкалоидтар, уыттар сияқты микроорганизмдердің екіншілік метаболиттері. Олардың биологиялық міндеті- қоректік ортадағы микроорганизмдердің басқа бөтен топтарының тіршілігін басып жою.
Антибиотиктердің 9000 астам түрлері белгілі, олардың 200 қосылысы медицинада және басқа салаларда қолданылады. Олардың ішінде пенициллиндердің, цефалоспориндердің, олардың жартылай синтетикалық туындылары, аминогликозидтердің, макролидтердің, фторхинолдардың өндірісі басым.
Антибиотиктерді алу жолдары

  • Биологилық синтез. Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады.Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.

  • Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.

  • Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолымен антибиотиктің ядросын алса, ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады.

Антибиотиктер түрлерне келсек
Олар табиги, жатылай синтетикалық және синтетикалық болы бөлінеді.
Мысалы табиги антибиотикке быз:грамицидин,полимиксин,стрептомицин,эритромицин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет