Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Медициналық биотехнологияның негізгі мақсаты: -



бет45/45
Дата27.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#63292
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ОХТ сессия

Медициналық биотехнологияның негізгі мақсаты: - биотехнологиялық әдістерді қолданып тиімді жаңа дәрі препараттарды алу; - аурудың түрін анықтау мен ауруды емдеу үшін жаңа тәсілдерді жасау; - адамдың барлық жұқпалы аурулардың профилактикасын іске асырту үшін жаңа тиімді вакциналарды құру және иммуномодуляторларды шығару; - әр түрлі заттарға қарсы моноклоналды антиденелерді алу; - генотерапияға қажет векторларды жасап алу; - түқым қуалайтын және вирустық аурулардың генодиагностикасын іске асырту, халықты генетикалық паспорттандыру; - ауруларды емдеу үшін жаңа әдістерді шығару, соның ішінде бағаналы клеткаларды қолданатын әдістерді; - жаңа диагностикалық жүйелерді шығару (биосенсорларды, биочиптерді).
Медициналық биотехнологияны негізгі бағыттары: -аурулардың түрін ерте кезеңінде анықтауға мумкіндік беретін әдістерді шығару, диагностикалық әдістерді; -ауруларды емдеу үшін жаңа дәрі препараттарды шығару; -ауруларды емдеу үшін жаңа тиімді әдістерді жасау; -жұқпа аурулардың профилактикасын жұзеге асыру үшін жаңа тиімді вакциналарды құру.
Медициналық биотехнологияда негізгі әдістері микробиологиялық синтез, генді-инженериялық әдіс, соның ішінде рекомбинанты ДНҚ әдісі, биотрансформация, мутасинтез, инженериялық энзимология, гибридом технология.
Жыл сайын биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған медицина пайдаланатын табиғи заттардың түрлері қарқынды кеңеюде, соның ішінде: *рекомбинантты ақуыздар, адам ақуыздары, *ферменттер, *антибиотиктер, *витаминдер, *амин қышқылдар, *гормондар, *вакциналар, *антиденелер, моноклонды антиденелер *қан компонентері, *диагностикалық препараттар, *иммуномодуляторлар, *ісіктерге қарсы препараттар, * жартылай синтетикалық дәрілік препараттар, *тағы басқа заттар.
Антибиотиктер - жұқпа ауруларды емдегенде қен көлданатын дәрі препараттар. Биотехнологиялық әдістерді колданып: -антибиотиктердің жаңа түрлерін алады, -антибиотиктердің қасиеттерін жақсартады. Мысалы, пенициллиндердің, цефалоспориндердің жаңа түрлері, жартылай синтетикалық түрлері, медицина кең қолданады.
Генді-инженериялық ақуыз препараттарды ауруларды емдегенде пайдаланады: *инсулин, *соматоропты гормон, *интерферон, эритропоэтин, *урокиназа, *қан ую жүйе факторлары. Адам ауруларын емдегенде қосымша зиянды әсері, мысалы аллергия, болмау үшін адам белоктарды ғана пайдалану керек. Бұл мәселе биотехнологияның әдістерімен шешіледі.
Генді-нженериялық әдіспен алынған адам ақуыздары Белок Ауру/физиологиялық процесс Инсулин Қантты диабет Адренокортикотропты гормон Ревматизм α 1 -антитрипсин Эмфизема Гемоглобин Қан аздық (анемия) Өсу гормоны Баланың өсуы баяулайды Интерлейкиндер Иммундық аурулар, қатерлі ісіктер Интерферондар (α, β, γ) Вирус аурулар, қатерлі ісіктер, рассеянный склероз (шарышты беріш) Альбумин (қан сары суы) Плазма ақуыздардың жетіспеу Плазминогеннің ұлпа активаторы Қан қатпасының түзілуі Урокиназа Қан қатпасының түзілуі Қатерлі ісіктін некроз факторы Қатерлі ісіктер Эритропоэтин Анемия, бүйрек ауру
Қазіргі уақытта гендік инженерия техникалық тұрғыдан толығымен жетілмеген, өйткені ол жаңа ген енгізу процесін басқара алмайды. Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық түрлендірілген түрлерін өсіру олардың табиғи ортада дамуы мен оның өздерін ұстауына әсер етеді.
Экологиялық қауіп: 1) супер зиянкерлердің пайда болуы; 2) табиғи баланстың бұзылуы; 3) трансгендердің бақылаудан шығуы.
Медициналық қауіп: 1) жоғары аллергендік қауіптілік; 2) ықтимал уыттылық және денсаулық үшін қауіп; 3) антибиотиктердің іс-қимылына төзімділік; 4) жаңа және қауіпті вирустар туындауы мүмкін.
Инсулинді гендік-инженерлік алу бойынша жұмыстар шамамен 30 жыл бұрын басталған. 1978 жылы егеуқұйрық проинсулинін (АҚШ) шығаратын E. coli штаммы туралы хабарлама пайда болды. Сол жылы адам инсулинінің жеке тізбектері E. Coli жасушаларында синтетикалық гендерін білдіру арқылы синтезделді. Ішек таяқшасына тиісті генді бере отырып, адамның инсулин гормонын алады.
Ең бірінші, бактерияның плазмидті ДНК сының бір бөлігін кесіп алу арқылы, оны ұйқы безіндегі инсулин синтезін кодтайтын генге енгізеді. Келесі осы рекомбинантты ДНКны бактерия жасушасына қайта енгізеді. Дайын болған гендік-модификацияланған бактерияны басқа инсулин жасушаларымен қалыпқа салады. Осы қоректік ортада ГМО көбейіп, адам инсулинін шығарады. Дайын инсулинді экстракциялап , оны химиялық тазалаудан өткізеді. Осылайша, инсулинді гендік инженерия әдісімен өндіруге мүмкіндік туған болатын.
Қазіргі уақытта гендік-модификацияланған штаммдар медицинада ең көп сұранысқа ие күрделі ақуыздар шығаратын зауытқа айналады. Олардың арасында инсулин, эритропоэтин, интерферон және басқалар бар. ДДСҰ мәліметтері бойынша, гендік-инженерлік инсулиннің өзі бүкіл әлемде жүздеген миллион адамды ауыр асқынулар мен өлімнен құтқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет