Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары


Пластикалық массалардың жіктелуі. Пластикалық массалар өндірісі.  Пластмассалар



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата26.12.2023
өлшемі0,64 Mb.
#143495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
ОХТ СЕССИЯ полный-1

 
25.
Пластикалық массалардың жіктелуі. Пластикалық массалар өндірісі. 
Пластмассалар
— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық 
немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе 
кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар 
шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, 
атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. 
Пластикалық массалар дегеніміз
- табиғи және синтетикалық үлкен 
молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен 
қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын 
материалдар. Пластмассаларды температураға әсеріне 
қарай: 
термопластикалық және термореактивті деп бөледі.


Термопластикалық пластмассалар
- сызықтық полимерлер, олар жеңіл 
балқиды, қайта балқыту арқылы әр түрлі пішімге келтіруге болады. 
Термопласты полимерлер
қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу 
өзгереді және белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге 
ауысады. Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына 
келеді және де мұндай өзгерістердің нәтижесінде полимердің химиялық 
табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға 
болады. Термоплаты полимер болып 
полиэтилен, полистирол, 
поликапролактам
сияқты полимерлер есептеледі. 
Термореактивті пластмассалар
- торлы құрылымды полимерлер. Жеке 
молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды
қайта қалпына келмейді. 
Термореактивті полимерлерге
қыздырып 
артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады. 
Мұндай полимерлердің тізбегінде бос функционалды топрары болады 
немесе қанықпаған байланыстары болады, сондықтан олар қыздырғанда 
макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болады да, олар 
торланған құрылымды полимер түзеді. Мұндай полимерлерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет