жүйенің дербестілік дәреже саны компоненттер санынан фазалар санын алып тастап, айырмасына екіні қосқанаға тең C = К – Ф + 2
8.Идеал ерітінділерге сипаттама беріп, түсіндіріңіз.Ерітінділер деп екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден тұратын қатты, сұйық немесе газ тәрізді гомогендік (біртекті) жүйелерді айтады. Көбінесе сұйық ерітінділер, ал оның ішінде еріткіші су болып келетін ерітінділердің іс жүзінде маңызы зор. Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейді. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі араларындағы байланысты Ф.Рауль ашқан. 1882 жылы отыздан астам органикалық қосылыстың судағы әр түрлі концентрациялы ерітінділерін зерттеп, олардың қату температураларын анықтайды. Кез келген температура мен концентрацияларда Рауль заңына бағынатын ерітінділерді идеал ерітінділер дейді. Идеал ерітінділерден басқалардың бәрі де Рауль заңынан шамалы болса да ауытқиды.
2 ші модуль 9 және 3 ші модуль 12. Руаль заңы. Рауль заңынан оң және теріс ауытқуларды көрсетіңіз. Кез келген затты еріткенде еріткіш буының қысымы төмендейді. Осы негізде ерітінді құрамы мен бу қысымының төмендеуі араларындағы байланысты Ф.Рауль ашқан. 1882 жылы отыздан астам органикалық қосылыстың судағы әр түрлі концентрациялы ерітінділерін зерттеп, олардың қату температураларын анықтайды. Қандай қосылыс болмасын, олардың бір мольін 1 литр еріткішке (суда) еріткенде, осы ерітінділердің бәрінің қатаю температуралары бір шамаға, дәлірек айтқанда 1,850С-қа төмендейтінін байқады. Бұл заңдылық еріген заттың табиғатына тәуелсіз болды. Ол судың орнына бензолды алып, онда бір мольден бірнеше органикалық қосылыстарды ерітеді. Мұнда да құрылысы мен табиғатына тәуелсіз бірдей көлемдегі бензолда бірдей мольдегі органикалық қосылыстарды еріткенде ерітінділердің қату температуралары бір шамаға ғана төмендеген. Мысалы, Рауль тәжірибесіндегі ерітінділердің бәрі де 5,20С-та қатқан, ал таза бензол 5,50С-та кристалданады. Сосын, Рауль 1886 жылы қату температурасынан кейін сусыз ерітінділердің бу қысымын анықтауға ауысады.
Рауль заңының тұжырымдалуына орай, ерітінді бетіндегі еріткіш қысымының салыстырмалы төмендеуі, сұйықта еріген заттың мольдік үлесіне (N) тең:
Рауль заңына бағынбайтын ерітінділер көп. Әдетте оларды Рауль заңынан ерітінділердің ауытқуы дейді және ондай ауытқулар оң және теріс болады. Ерітінді жүйесі оң ауытқыған кезде компоненттердің парциалды қысымы және будың жалпы қысымы осындай жағдайдағы идеал ерітіндінікінен артық болады. Егер ЕАА > ЕВВ және ЕВВ > ЕАВ болса, оң ауытқу байқалады байқалады және А молекулаларымен қоршалған В молекуласын немесе В молекулаларымен қоршалған а молекуласын буға айналдыру үшіназ энергия керек. Мұндай ерітінділерге су – метанол, ацетон
–этанол, ацетон – күкіртті көміртек сияқты өзара жақсы араласатын сұйықтар мысал болады.
Теріс ауытқығанда жүйе құрамына енетін компоненттердің парциалды қысымы мен ерітінді бетіндегі будың жалпы қысымы мен ерітінді бетіндегі будың жалпы қысымы идеал ерітіндімен салыстырғанда аз болады. Бұл берілген компоненттің молекуласымен қоршалған екінші молекуланы газды фазаға айналдыру үшін көп энергия жұмсалатынын көрсетеді және бұл жағдай ЕАВ > ЕАА және ЕАВ > ЕВВ теңсіздіктері орындалғанда байқалады. Табиғатта жүйесі оң ауытқитын ерітінділер жиі кездеседі екен. Су – хлорлы сутек, хлороформ – ацетон, хлороформ – бензол сияқты ерітінділер Рауль заңынан теріс ауытқуға мысал болады. Идеал ерітіндінің компоненттерін араластырғанда жылу өзгерістері байқалмайды. Оң ауытқығанда жылудың сіңірілуі, теріс ауытқығанда бөлінуі аңғарылады.